My CMS
Аймақ Қоғам

ШЫМКЕНТ ЖАСТАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ШАҚЫРУ: 16 ЖАСТАН БАСТАП ЖЕКЕ КУӘЛІК АЛУ — ЗАҢДЫ ТАЛАП

Құқықтық мемлекеттің негізі — әрбір азаматтың өз міндеттері мен құқықтарын білуі. Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі барлық он алты жасқа толған тұрғындарды жеке басын куәландыратын құжат – жеке куәлік алуға шақырады. Бұл — заң талабы ғана емес, өз болашағыңа жауапкершілікпен қараудың алғашқы қадамы.

Қазақстан Республикасының «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңының 9-бабына және Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, 16 жасқа толған барлық азаматтар жеке куәлікпен құжаттандырылуы міндетті. Бұл құжат әрбір жасөспірімнің қоғамдағы құқықтық мәртебесін айқындайды және оны әлеуметтік, білім беру, медициналық қызметтерді, банк операцияларын пайдалану құқығына ие етеді.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында 8194 жас азамат жеке куәлік алуға тиісті жасқа жеткенімен, құжат алмауға байланысты құқықтық вакуум қалыптасып отыр. Мұндай жағдай азаматтың әлеуметтік және құқықтық мәртебесін әлсіретіп, жалған ақпаратқа сеніп кету, қаржылық пирамидаларға тартылу, интернет-алаяқтардың құрбаны болу, тіпті психологиялық тәуелділік немесе суицидтік жағдайларға ұрыну қаупін арттырады.

Полиция департаментінің Көші-қон қызметі бөлімшелері Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен бірлесе отырып, құжаттандыру процесін жеңіл әрі жылдам ету үшін барлық жағдайды жасауда. Аудандық полиция басқармаларының мамандары ата-аналармен, мектептермен, колледждермен бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл шаралар құқықтық сауаттылықты арттырумен қатар, қоғамдағы әлеуметтік қауіптерге қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған.

Айта кету керек, жеке куәлік болмаған жағдайда жас азамат банктік шот аша алмайды, мемлекеттік қызметтерді пайдалана алмайды және ресми еңбек қатынасына түсе алмайды. Ең бастысы – ол құқықтық кеңістіктен тыс қалып, заңмен қорғалмаған күйге түседі.

Сонымен қатар, соңғы жылдары жалған куәліктерді жасау арқылы жалған аккаунттар тіркеу, интернетте алаяқтық әрекеттер жасау, онлайн ойындар арқылы тәуелділік тудыру секілді жаңа қауіп түрлері белең алуда. Мұндай заң бұзушылықтармен күресте тек полицияның ғана емес, барша қоғамның – ата-аналардың, ұстаздардың және жастардың белсенді ұстанымы маңызды.

Осыған байланысты, Шымкент қаласының он алты жасқа толған барлық азаматтарын және олардың ата-аналарын жеке куәлік алу мәселесіне байыппен қарауға, Халыққа қызмет көрсету орталығына уақытылы жүгінуге шақырамыз. Құқықтық сауаттылық — жастардың жарқын болашағы мен қоғамның қауіпсіздігіне жол ашады.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІҢ БІРІНДЕ ЖАҢА АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз