365online
Аймақ Соңғы жаңалықтар

ҚАРУЛЫ КҮШТЕР ҚАТАРЫ САҒАДАТ НҰРМАҒАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ КОЛЛЕДЖДІҢ 100 ТҮЛЕГІМЕН ТОЛЫҚТЫ

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Әскери колледжінде оқуды аяқтауға арналған салтанатты рәсімі өтті. Биыл әскери оқу орнын 100 кадет тәмамдап, кәсіби сержанттар корпусының қатарына қосылды.

Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамы, Қарулы күштердің ардагерлері, әскери қызметшілер, түлектердің ата-аналары мен жақындары қатысты.

Дәстүрге сай оқу бітірушілер Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ұлт мақтанышына тағзым етті.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЗАМАНАУИ СТАДИОН ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ОРМАН ӨРТТЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША 20 ЖЕКЕ ҚҰРАМЫ ДАЙЫНДЫҚҚА КЕЛТІРІЛГЕН

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚАУІПСІЗ ҚАЛАНЫҢ НЕГІЗІ: ШЫМКЕНТТЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТУДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз