My CMS
Аймақ

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІНДЕ ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ ТАЗАЛАНДЫ

Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup day) жыл сайын қыркүйектің үшінші аптасында өтеді. Науқанның негізгі міндеті – жұртшылық назарын қоршаған орта тазалығына, қоқысты бөлек жинау мен қайта өңдеуге, экологиялық өмір салтын ұстануға аудару. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы «Таза жағалау» атты экологиялық іс-шара осы айтулы күнмен орайластырылып өткізілді. Атап айтқанда, бүгін Әл-Фараби ауданы аумағында Қошқар ата өзенінің бойында тазалық шарасы өтті.
Үшінші мегаполистің мақтанышына айналған өзеннің жағалауын тазалауға қала жастары мен «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері қатысты.
– Халқымыз «Бұлақ көрсең көзін аш» деген нақылды босқа айтпаған ғой. Қошқар ата – суы мөлдір, таза әрі шипалы өзен. Өзеннің бастау алатын тұсына барып көрсеңіз оның суы қаншалықты таза екеніне көз жеткізесіз. Бұл – Табиғат-Анамыздың бізге берген үлкен сыйы. Егер өзеннің жағалауы мен сағасын үнемі таза ұстай білсек, Қошқар атаның суы бүкіл қаламыздан осындай тап-таза, мөп-мөлдір қалпында ағып өтер еді. Бұл қаладағы экологиялық ахуалға оң әсер етеді, – деген қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев қала тұрғындарын қоршаған ортаға жанашырлықпен қаруға шақырды.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ИНТЕРНЕТ САПАСЫН ЖАҚСАРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН «САПА+» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

ulanonlinejob_r46y8xlo

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАН АУМАҒЫНДА ОЙЫН АЛАҢДАРЫНА ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЕР ЕСІМІ — ЕЛ ЕСІНДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз