My CMS
Аймақ Қоғам

«ЕШКІМГЕ КОД БЕРМЕҢІЗ»: ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ПРАКТИКАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР

Цифрлық дәуір тұрғындарға ақпаратты тез жеткізсе де, алаяқтар мен жалған жаңалықтардың белсенді түрде таралуына жағдай туғызды. Шымкент қаласында соңғы кездері мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы жасалатын алаяқтық, жалған мәліметтер мен бұқаралық сананы манипуляциялау оқиғалары жиілеп, тұрғындарға материалдық және моральдық зиян келтіріп отыр. Сондықтан құқық қорғау органдары мен жергілікті билік бірлесіп ақпараттық қауіпсіздікті және құқықтық сананы арттыру шараларын күшейтті.

Ең жиі таралатын схемалардың бірі – таныс адам немесе туыс атынан келетін қоңырау мен хабарлама: «сіз террористік шотқа ақша аудардыңыз» деп өзін құқық қорғау органы қызметкерімін деп таныстыратындар бар. Мұндай жағдайда сенбеңіз: телефонды қойыңыз! Бұл – интернет-алаяқтардың айласы. Олардың мақсаты – сізді абдыратып, шұғыл түрде код, шот немесе карта нөмірін алу. Сондықтан дербес деректеріңізді ешкімге айтпаңыз, кодыңызды, карта нөміріңізді немесе жеке шотыңызды бермеңіз. Күмән тудырған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.

Ақпараттық алаяқтықпен күрес – заңмен де реттелген мәселе. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы алаяқтықты, ал 274-бабы жалған ақпарат таратуды қудалайды. Заң бұзғандарға айыппұлдан бастап бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қолданылатынын тұрғындар білуі тиіс. Шымкент полициясы мен прокуратурасы бұл нормаларды түсіндіру мақсатында тұрақты түрде кеңес беру, семинарлар, ақпараттық науқандар өткізуде.

Мектептер мен жоғарғы оқу орындарында «ақпараттық сауаттылық», «құқықтық мәдениет» сабақтары енгізіліп, жастарға интернеттегі қауіпсіздік ережелері мен алаяқтық белгілері үйретілуде. Әлеуметтік желілерде құқық қорғау органдарының ресми парақшалары арқылы ақпараттық роликтер, инфографикалар жарияланып, тұрғындар нақты дереккөздерге сүйенуге шақырылады.

Шымкент тұрғындарына басты ұсыныс: әрқашан ақпаратты ресми дереккөздерден тексеріңіз; белгісіз нөмірден келсе немесе қысым жасап ақша сұраса – телефонды қойып, туысынан тікелей хабарласыңыз; код пен карта нөмірін ешкімге бермеңіз; күмәнді сілтемелерге өтпеңіз; заң бұзушылық фактісі анықталғанда полицияға немесе прокуратураға хабарлаңыз.

Ақпараттық қауіпсіздік пен құқықтық сана – бір-біріне ұдайы байланысты ұғымдар. Шымкент қаласының бұл бағыттағы тұрақты жұмыстары құқықтық мәдениетті нығайтып, азаматтардың дербес деректерін және қаржыларын қорғауға бағытталған нақты бастама болып табылады. Әр азаматтың сақтық танытуы – қоғамның сенімді қорғаны.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Шымкентте ҚХА-ның «Ассамблея. Праламент. Мәслихаттар» жобасы аясында өндіріс озаттары марапатталды

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА АУМАҒЫНДА 24 ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз