Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Жүнісбеков Нұрбол Өңірлік коммуникациялар қызметінде басқарманың жартыжылдығында атқарған жұмысы жөнінде баяндады.
Басқарма басшысының атуынша, Шымкент қаласын кешенді дамыту шеңберінде тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғаюда. Бұдан бөлек жаңа өндірістік аймақтар, айналма темір жол тармағы және тәулігіне 20 мың адам қабылдайтын жаңа темір жол вокзалын салу, қаланы шеңберлей отырып, 3 айналма жол салу көзделген.
Одан бөлек, қаланың серпінді дамуына және туристік әлеуетін арттыруға ықпал жасайтын, маңызды ірі замануи жобалар ретінде 2000 орынды — «Конгресс холл» салынды. Бұдан бөлек 800 орынды — «Опера және балет» театры, 2000 орынды — 4 «Оқушылар сарайы», «18 жайлы мектеп», 320 орынды — «Перинаталды орталық», 800 орынды — «Универститеттік клиника», 5000 орынды — жабық «Спорт аренасы», 35 мың орынды — «Футбол стадионы» құрылыстары қарқынды салыну бағытында жұмыстар атқарылуда.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, жыл басынан бері үлескерлердің қаражатын тартуға жергілікті атқарушы органнан рұқсат алған 13 компания бар. Қазіргі таңда осы бағытта қала аумағында 24 тұрғын үй кешені қарқынды салынуда. Жалпы 2024 жылға қала аумағында 1 360 000 шаршы метр тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау жоспары бекітілген.
Сонымен қатар, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 590 792 ш.м. тұрғын үйлер пайдалануға қабылданып, басқарма тарапынан азаматтарға 18 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі, 2024 жылдың шілде айына дейін жалпы саны – 32 491 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 155 заңсыз құрылыс нысаны анықталып, тиісті шара қолдану үшін Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына жолданған.Сонымен қатар, 82 құрылыс нысандары бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар Кодексінің 802 бабына сәйкес айыппұл салынып, 45млн 509 мың 694 тг жуық мемлекет бюджетіне түсім түсті.