My CMS
Аймақ Қоғам

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ АЛАҢШАЛАРЫ МЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Шымкент қаласының Еңбекші ауданында соңғы жылдары спорт алаңшалары мен гүлзарлар салу бағытында ауқымды жобалар іске асырылып, 2024 жылға бірқатар жаңа жоспарлар дайындалды. Аталған бастамалар тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға және салауатты өмір салтын қолдауға бағытталған. Қазіргі уақытта Еңбекші ауданында тұрғындардың игілігіне арналған 56 ашық спорт алаңшасы бар. 2023 жылы қосымша 7 спорт алаңшасы салынған болса, 2024 жылға жоспарланған 8 спорт алаңшасының 2-інде құрылыс жұмыстары басталып, қалған 6 нысан бойынша мемлекеттік сатып алу шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, аудан әкімдігі 2024 жылы 5 жаңа гүлзар салуды жоспарлап отыр, бұл бағытта мердігер мекемелермен келісім шарттар жасалып, жұмыстар белсенді жалғасуда. Еңбекші ауданында инфрақұрылымды дамыту жұмыстарының бір бөлігі ретінде кәріз жүйесін жаңарту қолға алынды. Аудан бойынша кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші қазіргі таңда 41%-ды құрайды. Осы бағытта бірқатар ірі жобалар жүзеге асуда. Ұлағат шағынауданында 2248 абонентті қамтитын кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, Жұлдыз тұрғын алабындағы 27 көпқабатты үйді (175 пәтер) кәріз жүйесімен қамту шаралары сәтті іске асырылды. Базарқақпа тұрғын алабындағы Достық көшесінде 270 абонентті кәріз жүйесіне қосу мақсатында қажетті құжаттамалар әзірленуде. Ауданның жалпы 732,91 шақырымды құрайтын 728 көшесінің 73,1%-ы асфальтталған, 21,6%-ы тас жол, ал қалған 5,3%-ы топырақ жол ретінде тіркелген. Жолдардың сапасын жақсарту және автожолдарды жөндеу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Еңбекші ауданында көшелерді жарықтандыру жобасы да белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда ауданда 117 көше жарықтандырылған. 2023 жылы 28 көше жарықпен қамтамасыз етілсе, 2024 жылы қосымша 244 көшеде жарықшамдар орнату көзделген. Бүгінге дейін жоспарланған көшелердің 129-ы жарықтандырылды, қалған 115 көшеде жұмыстар жалғасуда. Еңбекші ауданындағы спорт алаңшалары, гүлзарлар және инфрақұрылымдық жобалар қала тұрғындарына қолайлы орта құруға және олардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдар. Алдағы уақытта бұл жұмыстар қарқынды түрде жалғасын тауып, Шымкент қаласының келбеті мен тұрғындардың тұрмыс сапасын одан әрі жақсартуға үлес қоспақ.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ БИЗНЕС ЖҮРГІЗУГЕ ҚОЛАЙЛЫ ҚАЛАҒА АЙНАЛЫП КЕЛЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ 100-ГЕ КЕЛГЕН КЕЙУАНА ДАУЫС БЕРДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҰРҒЫНДАР ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕ МАМАНДАРДАН КЕҢЕС АЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз