2024 жылдың алғашқы тоғыз айында Шымкент қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 4069 ақпараттық-түсіндіру шарасын өткізді. Бұл жұмыстар тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және тұтынушылардың өз құқықтарын қорғауға деген сенімін нығайтуға бағытталған. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 161 тікелей сөз сөйлеу ұйымдастырылып, 254 жарияланым жарық көрген болатын. Әлеуметтік желілерде де ақпараттық белсенділік жоғары болды. Бүгінгі күнге дейін инстаграм мен фейсбук парақшаларда жалпы саны 3635 жазба жарияланды. Сонымен қатар, тұтынушылардың өзекті мәселелерін талқылау және түсіндіру мақсатында 19 брифинг өткізілді. Құқық қорғауды жеңілдету үшін «Е-тұтынушы» ақпараттық жүйесі тиімді пайдаланылуда. Бүгінгі таңда бұл жүйеде 5774 пайдаланушы тіркелсе, олардың ішінде 1206-сы – кәсіпкерлік субъектілері. Осы платформа арқылы тұтынушылардан 178 өтініш қабылданып, тиісті шаралар қолданылды. Айта кететін маңызды жайт: Шымкент қаласында тұтынушылардың құқықтарын қорғаумен айналысатын бірнеше қоғамдық бірлестік жұмыс істейді. Алайда, кей жағдайларда тұрғындар бұл ұйымдарды ресми департамент өкілдерімен шатастырып жатады. Егер мұндай ұйымдардың тарапынан заңсыз әрекеттерге тап болсаңыз, 8 7252 53-07-04 немесе 8 7172 74-98-32 сенім телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз. Бұл бастамалар – тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жүйелі жұмыстың бір көрінісі. Азаматтардың құқықтық сауатын арттыру арқылы әділеттілікке қол жеткізу және тұтынушылар мүддесін тиімді қорғау – басты мақсат болып табылады.