Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласында Президент тапсырмасы аясында бірқатар шаралар қолға алынып, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері қаладағы жастармен кездесу ұйымдастырып жүр. Кезекті кездесу — Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің жастарына «Зорлық — зомбылықсыз қоғам» тақырыбында ұйымдастырылды.
Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, ана мен баланың өмірін қорғау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында өткен іс-шараға тәжірибелі психолог, гештальт-консультант Марал Жұмагелді қатысып, жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Психолог отбасындағы зорлық-зомбылықтың шығу себептері мен мәселелердің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, Жастарды саналы отбасылық некелі өмірге дайындау, ойланбай қарым-қатынасқа түсудің алдын алу мақсатында өткен семинар-тренингке Абай ауданының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының полиция майоры Бектемисова Гүлвира, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы Шынтөреева Айгүл қатысты.
Спикерлер Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің қыздарына жасөспірімдер арасында белең алып жатқан ерте жүктіліктің алдын алуға бағытталған профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, отбасындағы зорлық-зомбылыққа тоқталды.
Семинар-тренинг әрмен қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, қыздар арасындағы өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасылды.