2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жеке медициналық кітапшалар тек электрондық нысанда рәсімделіп, жүргізіле бастайды. Бұл өзгеріс 2024 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен енгізілген. Электрондық жеке медициналық кітапшалар (ЖМК) жұмысқа қабылдау белгісімен рәсімделеді және қызметкердің электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) мен медициналық ұйымның QR-коды арқылы куәландырылады. Электрондық ЖМК-ны берумен тек медициналық қызметке лицензиясы бар және ақпараттық жүйелерде тіркелген медициналық ұйымдар айналысады.
Денсаулық сақтау субъектілері арасында міндетті медициналық қарап-тексеру шараларын жүргізу үшін ЖМК жүргізуге жауапты тұлға тағайындалады. Әдетте, бұл қызметті терапевт дәрігер атқарады. Электрондық кітапшалар мемлекеттік ақпараттық жүйелермен біріктіріліп, қажетті деректер автоматты түрде көшіріліп енгізіледі. Егер кейбір мәліметтер жоқ болса, олар қолмен толықтырылады.
Жаңа жүйенің мақсаты – медициналық тексеру процесін жеңілдетіп, деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету. Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Айгүл Тұрымбетованың мәлімдеуінше, биыл маусымдық ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты. 2024 жылдың алғашқы 9 айында ЖРВИ жағдайлары өткен жылмен салыстырғанда 8,1%-ға төмендеген, бірақ тұмау жағдайлары керісінше 1,66 есеге артқан. Алайда, 2024-2025 жылғы эпидемиологиялық маусымда әзірге тұмаудың расталған жағдайлары тіркелмеген. ЖРВИ жағдайлары арасында тұмау емес вирустардан 8 жағдай тіркелсе, өткен маусымда бұл көрсеткіш 16 жағдай болған. 2023-2024 жылғы маусымда 139 тұмау жағдайы анықталды, олардың 138-і A (H3N2) түріне, ал 1-і B түріне жатады.
Тұмаудың алдын алу мақсатында биылғы эпидемиологиялық маусымда тәуекел топтарына арналған 150 000 доза «Гриппол +» вакцинасы сатып алынды. Қазіргі уақытта 118 879 адам тұмауға қарсы екпе алып, маусымдық инфекциялардан сақтану шаралары күшейтілді. Бұл қадамдар тұрғындар арасында ЖРВИ мен тұмаудың таралуын азайтуға және жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған.