Шымкент қаласының Тассай шағынауданында көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатындағы жөндеу жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Аталған жоба тұрғындардың өмір сапасын арттырып, қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалыс жағдайын жасауға бағытталған.
Қазіргі таңда шағынауданның Берел көшесінде асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл көшені жаңғырту тұрғындар үшін қолайлы орта құруда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, жыл басынан бері Тассайдағы бірнеше негізгі көше орташа жөндеуден өтті. Бұл жұмыстар көлік ағынын реттеп, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер үшін жол қозғалысын жеңілдетуді көздейтін болады.
Тассай шағынауданындағы жол инфрақұрылымын жаңарту аясында жаяу жүргіншілер жолдарын салу, көше бойына жарықтандыру бағаналарын орнату және су ағар жүйелерін жақсарту шаралары да қарастырылған. Аталған жоба аясында жолдардың сапасын арттыруға арналған заманауи құрылыс материалдары мен озық технологиялар пайдаланылуда. Қала тұрғындардың айтуынша, жолдардың жөнделуі шағынауданның дамуына оң ықпал етуде. Бұрын шұрық-тесік, қолайсыз жағдайдағы көшелерде көлік қозғалысы қиындық тудырса, енді жаңартылған жолдар арқылы қалаға қатынау айтарлықтай жеңілдеген.
Жол инфрақұрылымын дамыту Шымкент қаласының стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады. Қала әкімдігі мұндай жобаларды жүзеге асыру арқылы тұрғындарға ыңғайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруды және елді мекендердің инфрақұрылымын жүйелі түрде жақсартуды көздейді деген болатын. Жоғарыда аталған жұмыстардың нәтижесінде Тассай шағынауданы заманауи әрі жайлы аймаққа айналып, қала тұрғындарының сұраныстарына толық жауап беретін деңгейге жететін болады. Сондай-ақ, тұрғындардың қатынауы үшін қолайлы жағдай жасалынатын болады.