My CMS
Аймақ Қоғам

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖОБАЛАР ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы бүгінде 22 800 гектар аумақты қамтиды. Ауданда 18 тұрғын алап пен 11 шағынаудан орналасқан. Мұнда 728 көше мен өткел, 2 саябақ, 3 гүлзар, 283 көпқабатты және 37 061 жеке тұрғын үй бар. Бұл туралы Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы өз баяндамасында атап өтті.

Аудандағы негізгі 29 шағынаудан мен тұрғын алаптар инженерлік жүйелермен қамтылған. Тұрғындардың өмір сапасын арттыру мақсатында аудан әкімдігі бірнеше маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда. Бүгінгі таңда ауыз сумен қамту деңгейі 97%-ды, электр жүйесімен қамту 99,8%-ды, табиғи газбен қамту 90,7%-ды, кәріз жүйесі 41%-ды, ал асфальт жолдар 73,1%-ды құрайды. Қала әкімінің тапсырмасымен Еңбекші ауданында инфрақұрылымды дамыту жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. 2024 жылы «Жастар» көшесі мен «Қазығұрт» станциясы маңындағы 102 абонент және Оңтүстік-Жаңақұрылыс аймағындағы 989 абонент сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмек. Бұл жоба бойынша қажетті құжаттаманы «Строительная группа «Архитектор» ЖШС әзірлеуде.

Электрмен қамту көрсеткіші 98,6%-ға жетіп, оның 98,6%-ы мемлекеттік жүйе, 1,2%-ы жекеменшік жүйе арқылы жүзеге асырылған. Қазіргі уақытта жаңа құрылыс учаскелеріндегі қалған 0,2%-ды қамту шаралары жалғасуда. Исфиджаб және Достық тұрғын алаптарындағы 1356 абоненттің жекеменшік жүйесіндегі электр желілерін ауыстыру үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, тиісті сараптамалардан оң қорытынды алынды. 2023 жылы ауданда 9 трансформатор ауыстырылып, 16,7 шақырым электр желісі жаңартылды. 2024 жылы Қарабастау жаңа құрылысында 120 абонентке жаңа желілер мен трансформаторлар орнату жоспарланып отыр.

Табиғи газбен қамту деңгейі 90,7%-ды құрайды, оның ішінде 73%-ы мемлекеттік, ал 17,7%-ы жекеменшік жүйелер арқылы жүргізілген. Қамтылмаған қалған 9,3%-ды газбен қамтамасыз ету жұмыстарын 2024-2025 жылдары аяқтау көзделіп отыр. Еңбекші ауданының инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін ауқымды жобалар іске асырылып келеді.

Қатысты жаңалықтар

УНИВЕРСИТЕТТЕ ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ МЕН СТУДЕНТТЕР ЖОЛДАУДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕМІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЕЛ БОЛАШАҒЫ — БІЛІМДІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз