Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы әрбір отбасының әл-ауқатын арттыруға және жұмыспен қамту ісінің табысты болуы үшін жағдай жасауға бағытталатын жаңа әлеуметтік саясат қалыптастыру тәсілдері ұсынылды. Сонымен қатар, Тамара Дүйсенова Мемлекет басшысына Отбасының цифрлық картасын жасау, Әлеуметтік қызмет көрсету порталын және Әлеуметтік қазынашылық ақпараттық жүйесін дамыту жоспары жөнінде айтты. Президент геосаяси жағдайдың өзгеруін және еңбек нарығына қысымның күшеюін ескере отырып әзірленген көші-қон саясатын дамыту жоспарымен танысты.
Осы орайда, Шымкент қаласында жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларына қатысқан мүгедектігі бар азаматтардың 13-і жастар практикасы бағдарламасымен, «Осал топтарға арналған әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламасы аясында – 5, қоғамдық жұмыс – 97, алғашқы жұмыс орны – 19, «Күміс жас» — 32 және өзге де бос жұмыс орындарына 168 адам жолданса, «Бизнес-Бастау» жобасы шеңберінде 87 адам білімін жетілдірді.
Шымкент қаласында биыл Еңбек мобильділігі орталығы тарапынан 1368 мүгедектігі бар азаматты жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, бүгінге дейін орындалғаны — 421. Бұл үшін жұмыс берушілерге арнайы квота бекітіліп, мекемелерде жұмысшы санына қарай 2-4 пайыз мөлшері аралығында мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамтуы тиіс.
Жуырда ғана жұмысқа орналасқан жандар ризашылығын жеткізіп, бүгінгі жұмыс орны мен төленетін айлық жалақысына көңілі толатынын айтты.
Мұнан кейін бақылаушы топ Қ.Сыпатаев атындағы №7 IT мектеп-лицейінде болды. Аталған мекеме жыл басынан бері 2 мүгедектігі бар адамды жұмысқа қабылдап отыр. Бірі – аула сыпырушысы, бірі – мектеп күзетшісі. Мектеп директоры Раушан Алмаханқызының айтуынша, екі азамат та өз ісіне жүктелген міндетін ұқыпты орындайды екен.
–Біздің мектепте екі техникалық қызметкерден бөлек, 7 мүгедектігі бар мұғалім қызмет атқарады. Олардың атқарған қызметіне көңіліміз толады. Өз жұмысын аса ұқыпты орындауымен өзге әріптестеріне үлгі көрсетіп отыр, –деді №7 IT мектеп-лицейінің бас ұстазы.