Қазақстанда заңсыз ойын бизнесімен күрес шаралары күшейтілді. Бұл әрекет мемлекет тарапынан елдің экономикалық қауіпсіздігі мен қоғамның әл-ауқатына қауіп ретінде қарастырылады. 2023 жылы 13 заңсыз ойын әрекеті анықталып, 2024 жылдың алғашқы 9 айында тағы 7 заңсыз оқиға әшкереленді. Әсіресе, Instagram және TikTok секілді әлеуметтік желілерде заңсыз лотереялар мен ойындардың белең алуы алаңдатады.
Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Санат Кулбаевтың мәліметі бойынша, 2023 жылы 13 адам заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін жауапқа тартылды. Олардың 10-ы бас бостандығынан шектеу жазасына, 1-і қоғамдық жұмыстарға жіберіліп, 2-і әкімшілік айыппұлға тартылды. 2024 жылдың алғашқы 9 айында да 13 адам сотталып, 4 адам бас бостандығынан айырылды. Қаржылық мониторинг агенттігі мен Цифрлық даму министрлігінің бірлескен жұмысы аясында «Кибернадзор» жүйесі арқылы заңсыз ойын веб-сайттарын бұғаттау мүмкіндігі артты. 2023 жылы 600-ден астам заңсыз сайт пен әлеуметтік желідегі парақшалар бұғатталды.
Сондай-ақ, Санат Жұмабайұлының айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда 26 ойын бизнесі субъектісі жұмыс істейді. Олардың қатарында 6 казино, 9 ойын автоматтары залы, және 11 букмекерлік кеңсе бар. Мемлекеттік бақылаудың нәтижесінде 2021 жылдан бастап 36 ойын мекемесі лицензиядан айырылды. Бұл шара лудоманиямен күресте маңызды қадам болып табылады. Лицензиясыз қызмет жүргізетін мекемелердің жойылуы, ойын бизнесін құқықтық реттеу мен бақылауды нығайтуға мүмкіндік береді. Қазақстанның мемлекеттік саясаты заңсыз ойын бизнесін түбегейлі жою және қоғамды құмар ойындардың зиянды әсерінен қорғауға бағытталған. Бұл үшін кешенді шаралар қабылданып, заңсыз ойындардың таралуына қарсы белсенді күрес жүргізілуде. Заңсыз ойын бизнесімен күрес мемлекет үшін маңызды міндет болып табылады, және алдағы уақытта да бұл бағытта шаралар жалғасады.
Қазақстандағы ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік бақылау мен лицензиялау жүйесі, лудоманиямен күрес мақсатында шаралар қабылдауды жалғастыруда. Бұл ойын бизнесінің заңдылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.