Бүгінгі таңда барлық өңірде халықты тұрғын үймен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сондай қарқындары жұмыстар — Шымкент қаласында да жалғасын тауып жатыр. Бүгінгі таңда қалада 163,07 млрд. теңгеге 114 жоба жүзеге асырылып, 111 нысан жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Биылғы жылы 79 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 207,6 мың шаршы метр құрайтын жаңа пәтерлер пайдалануға беріледі. Қаламыздың түрлі аудандарында жаңа үйлер бой көтеріп, тұрғындарға қолжетімді баспана ұсынылуда. 13 тұрғын үйдің құрылысы келесі жылға жоспарланған. Бұл алдағы жылдарда да Шымкенттің даму қарқыны жоғары болатынын көрсетеді. Сондай ақ, әлеуметтік осал топтарға және жұмыс жасайтын жастарға 1180 пәтер сатып алынды. Бұл тек баспана ғана емес, олардың болашаққа деген сенімін арттырудың бір жолы.
Бүгінгі күнде қаламызда білім беру мен мәдениетті дамыту бағытында үлкен жұмыстар атқарылуда. Ұлттық жоба аясында 18 мектептің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл қала тұрғындарының болашағына жасалған инвестиция, әрбір балаға сапалы білім алуға мүмкіндік береді.
Биылғы жылы 11 жаңа мектептің құрылысы аяқталмақ. Бұл 15 800 оқушыға сапалы білім беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Ал 2025 жылы тағы 7 мектеп ашылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, 7 жаңа білім нысанының құрылысы да жоспарланған. Бұлар – қаладағы білім беру инфрақұрылымын күшейтетін маңызды нысандар.
Қалада 5 мәдениет үйінің құрылысы да жүргізілуде. Бұл нысандар Шымкент тұрғындарына мәдени демалыс пен шығармашылықты дамытуға жаңа мүмкіндіктер сыйлайды. 2024 жылдың соңына дейін 4 күрделі жөндеу нысаны пайдалануға берілмек.
Сонымен қатар, 2025 жылға өтпелі 1 нысан мен тағы 2 нысанның жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалуда. Бұл қаланың инфрақұрылымын дамыту бойынша ұзақ мерзімді және тұрақты жоспарлар бар екенін көрсетеді.