My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТТЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНЕН 8 АЙДА 66 МЫҢ ТОННА ӨНІМ АЛЫНДЫ

Бүгін Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Базарбеков баспасөз конференциясын өткізді. Оның айтуынша, биыл Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Жалпы 26,5 мың гектар жерге түрлі дақылдар егілді. Олардың ішінде: Дәнді дақылдар – 10,9 мың га (бидай – 10,3 мың га, арпа – 0,6 мың га), Майлы дақылдар – 3,0 мың га, Мал азықтық дақылдар – 9,0 мың га, Көкөніс пен бақша – 3,1 мың га, Картоп – 0,5 мың га.

2024 жылға дейінгі жоспарда егістік алқаптарынан 86 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Қазіргі уақытта 66 мың тонна өнім жиналып үлгерген. Тамыз айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 32,5 миллиард теңгені құрап, нақты көлем индексі 103,3%-ға жетті. Қысқы маусымға 307 мың тонна мал азығы дайындалып, бұл белгіленген жоспардың 93%-ын құрады. Бұл жетістіктер Шымкент қаласының ауыл шаруашылығының жылдан жылға дамып, қала тұрғындарын сапалы өніммен қамтамасыз етіп жатқанын көрсетеді. 

2024 жылы Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы саласын қолдау және өнімділікті арттыру мақсатында 911 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржы келесі бағыттарға жұмсалады: Атап айтқанда, Минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялауға – 122,1 миллион теңге, Жылыжай кешендерінің коммуналдық шығындарын азайтуға – 767,8 миллион теңге, Тұқым шаруашылығын дамытуға – 20,5 миллион теңге, Пестицидтер мен биоагенттерге (энтомофагтарға) – 600 мың теңге, Көктемгі егіс науқанына 35,9 тонна дизель отыны толық бөлініп, шаруашылықтарға таратылды. Күзгі егін жинау жұмыстарына 104,5 тонна дизель отыны қарастырылып, оны тарату міндеті «Ұлы Орда 01» ЖШС-на жүктелген. Бүгінгі таңда дизель отынын тарату жұмыстары белсенді жүріп жатыр, ал литріне бекітілген баға 250 теңгені құрайды. Шымкент қаласында ірі қара мал саны 109,4 мың бас, ұсақ мал 133,5 мың бас, жылқы 20 мың бас, құс саны 1 071,9 мыңды құрады. 2023 жылы қалада 5,1 мың тонна ет, 41,1 мың тонна сүт және 100,2 миллион дана жұмыртқа өндірілді. Мал шаруашылығын қолдау үшін 420,8 миллион теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Мемлекеттік қолдау нәтижесінде Шымкенттегі ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі артып, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігі нығаюда.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ОРМАН ӨРТІНІҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ – БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУДА ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕРГЕ ҮЛГІ ҚАЛА

ulanonlinejob_r46y8xlo

Шымкентте республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз