My CMS
Аймақ Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Қазіргі таңда цифрлық технологиялар мен интернеттің кең таралуы азаматтарға көптеген мүмкіндік сыйлағанымен қатар, түрлі қауіп-қатерлердің де артуына жол ашып отыр. Соның ішінде интернет алаяқтық – қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі. Бүгінде алаяқтар түрлі айла-тәсілдерді қолдана отырып, адамдардың сеніміне кіріп, қаржысын иемденуде. Мұндай әрекеттердің алдын алу – құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың басты міндетіне айналып отыр.

Жуырда Шымкент қаласының тұрғыны интернет алаяқтарының құрбанына айналып, 25 миллион теңгесінен айырылды. Белгісіз адамдар жәбірленушімен байланысқа шығып, алдамшы уәделермен сенімге кірген. Қомақты қаржыны иемденген соң да олар тоқтап қалмай, бейнеқоңырау арқылы азаматшамен хабарласып, тағы да ақша алмақ болған.

Алайда әйел бұл жолы күдікті жағдайды дер кезінде байқады. Ол бірден киберполиция қызметкерлеріне жүгініп, алаяқтардың қақпанына қайта түспей, уақытылы шара қолдана алды. Полицейлер оған интернеттегі қылмыскерлердің жиі қолданатын әдістерін түсіндіріп, мұндай жағдайлардың алдын алу жолдарын егжей-тегжейлі баяндады.

Бұл оқиға – кез келген азамат үшін үлкен сабақ. Құқық қорғау органдары атап өткендей, интернеттегі бейтаныс тұлғалардың сөзіне сене салу – өз қаржыңды ғана емес, жеке деректеріңді де қатерге тігу. Әсіресе, күмәнді шоттарға ақша аудармау, бейтаныс адамдардан келген сілтемелерді ашпау, өз деректеріңді ешқашан жарияламау – ең басты қауіпсіздік ережелері.

Шымкент қаласы полиция департаменті тұрғындарды қырағылық танытуға шақырады. Егер алаяқтық белгілері байқалса немесе күмәнді әрекеттер тіркелсе, дереу полицияға хабарласу қажет. Уақтылы жүгіну – әрі азаматтың қаржысын, әрі жүйелі түрде басқа адамдардың да алдануына жол бермеудің ең тиімді жолы.

Құқық қорғау қызметкерлері азаматтарға цифрлық сауаттылықты арттырудың маңызын ескертеді. Әрбір ата-ана өз баласына интернеттің пайдалы тұстарымен қатар, қауіпті қырларын да түсіндіргені жөн. Бұл – киберқылмысқа қарсы тұрудың және құқықтық сананы арттырудың ең тиімді тәсілдерінің бірі.

Қауіпсіз қоғам құру – әр азаматтың саналы әрекетіне байланысты. Сондықтан Шымкент тұрғындарына басты үндеу: интернет кеңістігінде қырағылық танытып, кез келген күмәнді жағдайға бей-жай қарамау

Қатысты жаңалықтар

2024 ЖЫЛДАН БАСТАП EGOV MOBILE АРҚЫЛЫ ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ҚАТЫСУДЫ ШЕКТЕУ МҮМКІНДІГІ ЕНГІЗІЛДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

АБАЙ АУДАНЫНДА 14 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

ТҰРҒЫНДАРМЕН БІРГЕ «ЖАСЫЛ ЕЛДІКТЕР» ДЕ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз