My CMS
Аймақ Қоғам

МӘСЛИХАТ — МЕМЛЕКЕТТІК МЕХАНИЗМДЕГІ МАҢЫЗДЫ БУЫН

Бүгін елімізде барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форумы өтуде. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөзі сөйледі.

«Мәслихат – мемлекеттік биліктің өте маңызды тармағы. Аймақ жұртшылығының тыныс-тіршілігі, мұң-мұқтажы қашанда мәслихат депутаттарының жіті назарында болуға тиіс. Сайлаушылардың мүддесін қорғап, ел үмітін ақтау – басты парыз. Мен мәслихаттардың қызметіне ерекше мән беремін»-деді, Президент өз сөзінде.

Жалпы, мәслихат- тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс қарамағындағы аймақтың жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік орган. Ол сол аймақ халқының қалауын, ықтиярын білдіреді және жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру шараларын белгілейді әрі атқарылу барысын бақылайды.

Демек, мәслихат – өз құзіретіне кіретін жұмыстарды атқарып отырған мемлекеттік механизмдегі маңызды буын. Сондықтан оның осы күнгі атқарып отырған рөлін жоққа шығара алмаймыз.

Екінші мәселе – осы алдына қойылған міндетті атқару сапасы. Менің ойымша, депутаттардың көпшілігі мәслихаттың құзіретін, немен айналысатынын, қандай сұрақтарды шешетінін, қалай шешетінін нақты білуі керек. Ол үшін, меніңше, мәслихат депутаттары сайланған соң оларды оқытып алу қажет. Өңірдегі мәселелерді анықтап, оны шешудің жолын, заңдармен жұмыс істеу тетігін үйрету керек.

Жалпы мәслихаттар жұмысының сапасын арттыруда олардың білімін жетілдіру, сайланған соң депутаттарды өз аймағындағы мәселелермен таныстырып, жұмыс істеудің практикалық мүмкіндіктерін түсіндіру керек. Өйткені, мәслихат депутаты болып сайланғандардың барлығы заңгер емес. Заңгер болғанда да өңірге тән кейбір мәселелерді білмейді. Ал Астанадағы форум осы мәселелердің дұрыс жолға қойылуына бағыт-бағдар беретін жиын деп есептеймін.

Сондықтан форумнан кейін мәслихат депутаттарының жұмысынан жаңашылдық байқалып, бір серпіліс болатын шығар деген үміттемін.

ЖАНДОСОВА БАЯН

Шымкент қаласының Әйелдер істері жөніндегі комиссиясының мүшесі

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ҚАЗАҚСТАН» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІНЕН ЖАҢАДАН 15 МЕКТЕП АШЫЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ – ЖЕКЕ КӘСІП АШУҒА ҮЛКЕН МҮМКІНДІК

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз