My CMS
Аймақ Қоғам

РЕФЕРЕНДУМ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Бүгін бас қалада Мемлекет басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының ІІ республикалық форуымында «Бірнеше күннен кейін өтетін жалпыұлттық референдумда халқымыз Қазақстанда атом электр станциясын салу қажет пе, әлде қажет емес пе деген мәселені шешеді», — деді.

Бүгінгі таңда Қазақстан халқына маңызды таңдау жасауға тура келеді. Бірнеше күннен кейін өтетін жалпыұлттық референдумда ел тұрғындары атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесін шешеді. Дауыс беру нәтижесі қандай болса да, бұл шешуші кезең болып табылады. Аталмыш референдум – соңғы бес жылдағы елде орын алған ауқымды өзгерістердің тағы бір мысалы және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының көрінісі.

Мемлекет басшысы бұған дейін бірнеше рет АЭС құрылысына қатысты өз ұстанымын айтқан болатын. Ол Қазақстанның әлемдік прогрестен қалыс қалмауы керектігін және өз мүмкіндіктерімізді дұрыс пайдалануымыз қажеттігін баса айтады. Егер халық станция құрылысына қолдау білдірсе, бұл жоба тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ауқымды жобалардың біріне айналады.

Президент Халықтық штабтың еңбегін ерекше атап өтті. Бұл ұйым өз құрамына саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, ғалымдар, сарапшылар мен кәсіпкерлерді біріктіріп, ортақ іске жұмылдыра білді. Азаматтардың осындай ұйыса әрекет етуі – дамуға деген ұлттың ұмтылысының дәлелі.

Алдағы референдум Қазақстанның болашақ дамуына елеулі әсер ететін маңызды оқиғалардың бірі болатыны сөзсіз, – деді Мемлекет басшысы.

Қатысты жаңалықтар

МӘСЛИХАТ — МЕМЛЕКЕТТІК МЕХАНИЗМДЕГІ МАҢЫЗДЫ БУЫН

ulanonlinejob_r46y8xlo

Инклюзивті экономика және әлеуметтік саясат. Жолдауда айтылған тұстар бойынша өзгерістер бар ма?

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА БІЛІМ ОШАҚТАРЫ БОЙ КӨТЕРУДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз