Елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.
Бүгінде Шымкент қаласында жыл басынан бері мемлекеттік бағдарлама аясында 364 пәтер құрылысы қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, нарықтан сатып алу арқылы бұл көрсеткішті 1000 пәтерге жеткізу жоспарланып отыр. Жаңа пәтерлер коммуналдық тұрғын үй қорына өткізілгеннен кейін, 449 пәтер халықтың әлеуметтік осал топтарына, 351 пәтер көпбалалы отбасыларға, 200 пәтер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға беріледі.
Ал, жыл соңына дейін жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз 900 жалдамалы пәтер беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл шара — жастардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға және жұмысқа тартуға бағытталған. Қалада — 2 274 пәтер жеңілдетілген 2-10-20 және 5-10-20 бағдарламалары бойынша кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Бұдан бөлек, 244 пәтер несиелік негізде Отбасы банк арқылы қолданысқа берілді.
Шымкент қаласында мемлекеттік тұрғын үй қорынан сатып алу құқығынсыз 8000-нан астам азамат арендалық пәтермен қамтылған. 2023 жылы 2000-нан астам пәтер тексеріліп, 68 отбасы тұрғынжайды мақсатсыз пайдаланғаны анықталды. 2024 жылы 626 пәтер тексеріліп, 20 отбасы үшінші тұлғаларға пәтерлерін жалға бергені анықталды. Нәтижесінде, 23 пәтер өз еркімен мемлекет қорына қайтарылды. Аталған шаралар Шымкент қаласының тұрғын үй мәселесін тиімді шешу және әлеуметтік қолдау көрсету үшін маңызды қадам болып табылады. Жоспарлар қаланың тұрғын үй жағдайын жақсарту мен әлеуметтік көмек көрсету бағытында жаңа мүмкіндіктер ұсынады.
Еске сала кетейік, бүгінгі таңда 60 азаматқа қайтарымсыз сертификаттар табысталған болатын. Бұл — тұрғын үй алу мүмкіндіктері мен қолдау шаралары қала тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған болып табылады.