Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде азаматтардың əл-ауқаты жəне əлеуметтік көңіл-күйі мемлекеттің басты назарында болуы керектігіне тоқталып, халықтың табысын арттыру бағдарламасын əзірлеу керектігіне тоқталған болатын. Бұл өз кезегінде алдағы уақытта елдегі жұмыссыздықты азайтып, кәсіпкерлерлікпен айналысушылар қатары көбейетіндіге септігін тигізеді.
Бүгінгі таңда нарықтағы сұранысқа сай қызмет жасап, жеке кәсіп бастауға ниет білдіргендердің саны артып келеді. Жұмыс берушілердің сұранысына сай жұмыссыз азаматтардар қысқа мерзімді кәсіптік оқыту ұйымдастырылады.
Биыл жаңа кәсіп үйренуге ниетті азаматтар төмендегі мамандықтар бойынша алғашқы дағдыларын қалыптастырып, жұмыспен қамтылатын болады.
–Ағаш және жихаз өндірісінің шебері;
–Мерчендайзер;
–Web-дизайнер;
–Электромонтер;
–Электрик;
–Дәнекерлеуші;
–Металл-пластикалық бұйымдарды жасау;
–Токарь;
–Электро-монтер;
–Аспаз;
–Кондитер;
–Визажист;
–Маникюр шебері;
–Техник-технолог;
–Тігінші,модельер, пішуші, кестелеуші;
–Маркетолог;
–Іс-жүргізушісі.
Аталған мамандық түрлерінен бөлек, өзгеде мамандықтарды оқуға мүмкіндік бар. Биылғы оқу курсының алғашқы легі осы жылдың сәуір айына жоспарланып отыр. Оқу мерзімі 3 ай. Оқу барысында 2 АЕК көлемінде бір реттік материалдық қаржы мен ай сайын шәкірақы төленеді.
Оқу аяқталғаннан кейін мамандыққа тапсырыс берген жұмыс беруші, азамтты әлеуметтік келісім-шарт негізінде 6 ай жұмысқа орналастыруға міндетті.
Оқуға тапсыру үшін қажетті құжаттар тізімі:
Жеке куәліктің көшірмесі, білімін растайтын құжаттың көшірмесі(диплом, сертификат, аттестат, сертификат), медициналық анықтама – 075 нысандағы үлкі көшірмесі, 20 сандық банк есеп-шот (шәкіртақы алу үшін) және бар болған жағдайда еңбек кітапшасы. Мемлекеттік бағдарламалар жөнінде қосымша ақпарат көздері бойынша әр тұрғын өз тұрғылықты мекен-жайы бойынша Еңбек мобильді орталығының қызметіне жүгіне алатын болады.