Шымкент қаласының әкімдігі сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін мемлекет меншігіне қайтаруды жоспарланып отырған болатын. Бұл шара тарифтерді төмендетуге және қызмет көрсетудің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік меншіктегі нысандар тарифтік шығындарды тиімді бақылауға және жүйелі жұмыстар жүргізуге жол ашады.Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Кәрімов Айдын Мейрамбекұлы және Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Меңдіқұлов Рзабек Балтабекұлы Өңірлік коммуникациялар алаңында берген брифингте айтты.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Экономиканы монополиядан арылту жөніндегі комиссияның шешімін орындау мақсатында Шымкент қаласының әкімдігімен заңсыз берілген жер телімдері мен нысандарды мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
- 1996-1998 жылдары Шымкент қаласының сол кездегі әкімі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын монополиядан арылту аясында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жекеменшікке беру туралы шешім қабылдаған. Осыған байланысты, қазіргі уақытта заңсыз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, — деді Айдын Кәрімов.
Шымкентте су мен кәріз тарифтері басқа өңірлермен салыстырған қымбат. Дегенменде, жүргізілген шаралардың нәтижесінде тарифтерді арзандату бойынша жұмыстар жүргізелетін болады. Сондай ақ, сарқынды судың жағымсыз иісі туралы тұрғындардан көптеген шағымдар келіп түсуде. Бұл «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің сарқынды суды тазарту және шығару жұмыстарының төмен сапасын көрсетеді. Мұндай мәселелер тұрғындардың денсаулығына және экологиялық жағдайға кері әсерін тигізуі мүмкін.