My CMS
Аймақ Қоғам

ШЫМКЕНТТЕГІ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жауаптыларға жолдарды ретке келтіру міндеті жүктеген болатын. Осы орайда, Шымкент қаласында Ташкент-Алматы бағытындағы қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын 6 жолақты етіп қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 31 шақырым, жол құрылыс жұмыстары 8 кезең бойынша атқарылуда.

Бүгінде Төлеметов көшесінен бастап Бадам өзеніне дейінгі аралық — 1-4 кезеңдердің құрылыс жұмыстары аяқталған. 5-8 кезеңдері бойынша реконструкциялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жалпы құрылыс жұмыстарын толық аяқтау 2025 жылдың соңына жоспарланған.

А-2 автомобиль жолының Ташкент трассасы мен Бадам өзені үстіндегі көпірге дейінгі аралықтың жағдайына қатысты тұрғындар тарапынан арыздар түсуіне байланысты бүгінде осы аралықта қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Сонымен қатра, Шымкентте жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көшелерде жол таңбалары сызылуда. Жалпы, қалада асфальт жолдың ұзындығы – 2312,3 шақырымды құрайды. Жоспарға сәйкес биыл 1100 шақырымға жуық жол таңбалары сызылады. Осыған дейін оның 167 шақырымы жүргізілген.

Олар, Арғынбеков көшесі, Сыпырған ата көшесі, Адырбеков көшесі, ⁠Бәйтереков көшесі, ⁠Қазыбек би көшесі, ⁠Бәйдібек би — Төлеметов көшелерінің қиылысы және ⁠Төлеметов — Сырым батыр көшелерінің қиылысы.

Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 10 орынға трапеция тәріздес жаяу жүргіншілер өтпесі ұйымдастырылады. Назарбеков көшесінде Назарбаев атындағы зияткерлік мектептің тұсына салынған трапециялық жаяу жүргіншілер өткеліне жол таңбасын сызу жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар қозғалысқа кедергі келтірмес үшін түнгі мезгілде атқарылады.

Қатысты жаңалықтар

БЫЛТЫР ЕЛДЕ 15 МЛН ШАРШЫ МЕТРДЕН АСТАМ ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ДӘРІЛІК ЗАТТАР АЙНАЛЫМЫ САЛАСЫНДА  ІРІ 2 ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІ ОРНАЛАСҚАН

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЕЛІМІЗДЕ ЖЕМҚОРЛАРДЫҢ ҚАРЖЫСЫНА 43 ЖАҢА МЕКТЕП САЛЫНДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз