My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТТЕ ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Сәрсен Құранбектің жетекшілігімен өткен мәжіліске басқарма басшылары және жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кезекті отырыстың күн тәртібінде «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, олардың еңбегін әділ бағалау және дискриминацияға жол бермеу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының іске асырылуы және жалғызбасты қарттарды әлеуметтендіру бойынша жұмыстар талқыланды.

Комиссия мүшелері талқыланған мәселелер бойынша баяндамашыларға сұрақтарын қойып, бірнеше мәселенің шешу жолдарын қарастырды. Отырыстың нәтижесінде, Шымкент қаласының әкімдігі жанындағы комиссия құзырлы орындарға нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берді. Бұл жұмыстар әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға және отбасындағы зорлық-зомбылықты азайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.Комиссия отырысының қорытындысы бойынша комиссия төрағасымен бірқатар тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы қатаң бақылауға алынатындығы жеткізілді.Сондай-ақ, аталған бағыттағы жұмыстарға комиссия мүшелері де белсене ат салысып, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп тығыз жұмыстар жүргізілетін болады.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия ай сайын тұрақты отырыс өткізіп, қаламыздағы бірқатар мәселелердің шешу жолдарын қарастырып келеді.

Қатысты жаңалықтар

Новая подстанция в Шымкенте решит вопрос качественного электроснабжения целого массива

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ 13 МЫҢНАН АСТАМ ОТБАСЫ ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНАН ШЫҚТЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

УНИВЕРСИТЕТТЕ ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ МЕН СТУДЕНТТЕР ЖОЛДАУДАҒЫ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз