365online
Соңғы жаңалықтар

“Аэс — жасыл экологияға жол”

Бүгін Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де Шымкент қалалық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың қатысуымен “АЭС: өзекті мәселелерді шешу жолы” атты жиын өтті.

Жиынның мақсаты атом энергиясын дамытудың жан-жақты тетіктерін, пайдасын, болашағын жастарға жете түсіндіру болды. Лекцияға түрлі салада білім алып жатқан жастармен қатар университет ғалымдары, сарапшылық топ мүшелері қатысты.

Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі Сайпжамал Қорғанова “АЭС — жасыл экологияға жол” тақырыбында баяндама жасап, АЭС салудың еліміз үшін маңызын жеткізді. Сондай-ақ профессор Халима Сартаева бейбіт атомның артықшылықтарына тоқталды. Жастар да ашық әңгімеге араласып, сұрақтарына жауап алды.

Жиын соңында қатысушылар АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдумға қатысуға қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ УКРАИНАДАҒЫ ЖАҢА ЕЛШІНІ ТАҒАЙЫНДАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҰЛТТЫҚ ӨНІМДЕРДІ СЫРТҚЫ НАРЫҚТА КЕҢІНЕН ТАНЫСТЫРУ – ЕЛДІ ӘЛЕМГЕ ТАНЫТУДЫҢ БІР ЖОЛЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ АРТТЫРУ: ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз