My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТТІҢ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУДА БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫС АТҚАРУДА

Шымкент қаласының экология департаменті қоршаған ортаны қорғау бағытында белсенді жұмыс атқарып, экологиялық жағдайды бақылауда ұстауда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында департамент басшысы Ермахан Қозыбаев мәлімдеді. Департаменттің басты міндеті – қала тұрғындарының шағымдарын қарау және әлеуметтік желілердегі экологияға қатысты жарияланымдарға жедел әрекет ету. Жыл басынан бері департамент 23 тексеру жүргізген, оның ішінде, 7 профилактикалық бақылау, 6 талаптарға сәйкестікті тексеру, 10 жоспардан тыс тексеру орындалды.

Тексерулердің нәтижесінде 55 әкімшілік іс қозғалып, 48 іс бойынша 170,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Қазіргі уақытта бір іс сотта қаралуда, ал екі іс Шымкент қалалық полиция департаментіне жіберілді. 2024 жылы экологияға байланысты ең күрделі оқиғалардың бірі 27 шілдеде орын алды. «KMG Supple Company» ЖШС-ге тиесілі аумақта 5000 қап техникалық күкірт өртеніп, күкіртсутегі ауада қауіпті деңгейге жетті. Бұл жағдай айтарлықтай экологиялық қатер тудырды. Сонымен қатар, заңбұзушылықтарды жою туралы 24 нұсқама беріліп, бірнеше іс сотта қаралуда. Экологтар қаладағы өндірістік орындар мен тұрғындардың экологиялық нормаларды сақтамауы қоршаған ортаға зиян тигізіп жатқанын атап өтті.

2024 жылы экология департаменті 52 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде I санаттағы объектілерге экологиялық рұқсат беру басты назарда болды. Жыл басынан бері 7 экологиялық рұқсат беріліп, 6 өтініш кері қайтарылды. Сонымен қатар, қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижесінде 5 оң қорытынды беріліп, 4 өтінішке бас тартылған.Департамент 94 нысанды тексеріп, 1 249 сынама алып, 7 585 талдау жүргізді. Ауаның, судың және топырақтың сапасы мұқият зерттелді. Қала арқылы өтетін Қошқар-Ата және Қарасу өзендерінің су сапасы нашарлағаны анықталды. Қошқар-Ата өзеніндегі ластаушы заттардың концентрациясы шекті рұқсат етілген мөлшерден 1,5 есе артқан.

2024 жылдың 8 айында атқарылған жұмыстар Шымкент қаласының экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдар болып табылады. Экология департаменті алдағы уақытта да қоршаған ортаны қорғауға ерекше назар аударуды жалғастырмақ.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 542 ҚАНДАС АЗАМАТ «ҚАНДАС» МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ-СИАНЬ ҚАЛАЛАРЫ КӘСІПКЕРЛЕРІНІҢ САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЕЛ БОЛАШАҒЫ — БІЛІМДІ ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз