My CMS
Аймақ Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ БАРЛЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР 2025 ЖЫЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды интернетпен қамту мәселесі бойынша түзетулерге қол қойды. Онда «Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендерде Интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заң күшіне енген кезеңнен бастап, Үшінші мегаполисте елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Қалалық цифрландыру басқармасының қолдауымен және жеке инвестор FISHNET компаниясының қатысуымен Самал-2, Наурыз шағынаудандары талшықты оптикалық интернет желісімен қамтылды. Сондай-ақ, басқарма басшысы қаламыздағы Наурыз шағынауданы тұрғындарымен арнайы жүздесіп, интернетпен қамту жұмыстары мен жоспарларын бөлісті.

Басқарманың жоспарға сәйкес, Самал-2, Наурыз және Асар-2 шағынаудандары кең жолақты, талшықты оптика желісімен қамтамасыз етілуде. Жұмыстарды жүзеге асырып жатқан жауапты компания – FISHNET.

FISHNET компаниясының өкілі Нұржан Алматовтың айтуынша, интернет орнату тегін жүзеге асырылады, ал тұрғындар тарифті өздері таңдай алады. Қазіргі уақытта Наурыз шағынауданында 150 абонент жаңа желіге қосылған. Өткен жылы 20 елді мекенге оптикалық желіні тарту бойынша жеке инвесторлармен меморандумға қол қойылған болатын. Келісімге сәйкес, 2023-2025 жылдары аралығында тұрғын алаптардың тізімі және мерзімдері анықталды.

Бұл бастама Шымкент қаласының цифрлық инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындарға сапалы интернет қызметтерін ұсынуға бағытталған. Қала басшылығы мен инвесторлар қаланың цифрландыру жұмыстарын жалғастыра отырып, тұрғындарға заманауи және қолжетімді интернет қызметін ұсынуға ұмтылуда.

Сонымен қатар, 2024 жылдың соңына дейін 20 елді мекенді интернет желісімен қамту жоспарланып отыр. Жалпы, Шымкент қаласындағы 81 елді мекеннің басым бөлігіне жоспар бойынша орындалды. Ал 2025 жылдың соңына дейін барлық елді мекенді толық қамту көзделуде.

Қатысты жаңалықтар

Бізді бірлік біріктіреді

ulanonlinejob_r46y8xlo

Инклюзивті экономика және әлеуметтік саясат. Жолдауда айтылған тұстар бойынша өзгерістер бар ма?

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАР ТЕГІН WI-FI ЖЕЛІЛЕРІМЕН ҚАМТЫЛУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз