My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТТЕ СОТТЫҢ ӨНДІРІСІНЕ ТҮСКЕН ӘКІМШІЛІК ТАЛАПТАРДЫҢ ЖАЛПЫ САНЫ — 999 ІСТІ ҚҰРАЙДЫ

Шымкент қалалық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қыдырбаева Гүлмира сот алқасының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында 6 айында  бірінші сатылы соттың өндірісіне түскен әкімшілік талаптардың жалпы саны — 999 істі құраған болса, өткен жылдан 91 іс қалдық ретінде өткен, яғни осы жылы соттың өндірісіндегі жалпы талап қоюлар саны — 1090 әкімшілік істі құрайтындығын жеткізді.  

Бүгінде бірінші сатылы сотқа түскен әкімшілік талап қоюлардың жалпы           546-і кері қайтарылған. Осы жылдың 6 айында бірінші сатылы соттың өндірісіндегі жалпы 1090 әкімшілік істің қаралып аяқталғаны, кері қайтарылған талап қоюларды қоса есептегенде 884 істі құраған.

Осы аяқталған 884 әкімшілік істің — 253-і шешімді, 631-і ұйғарымды құраған. Ұйғарымдардың 79 татуласу рәсімімен, 6 соттылық бойынша, ал 546-ы талап қоюды кері қайтару бойынша шығарылған ұйғарымдар (жеке ұйғарым, талапты қамтамасыз ету, ақшалай өндіріп алу туралы сот актілерін қоспағанда). 

Бірінші сатылы сотпен қабылданған жалпы 253 шешімнің 139-ы талап қоюды қанағаттандырумен, ал 114-і талап қоюды қанағаттандырудан бас тартумен шығарылған.   Бұдан бөлек, 6 әкімшілік іс соттылығы бойынша жолданған. 

Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасына биылғы жылдың 6 айында бірінші сатылы соттан сот алқасына апелляциялық тәртіппен түскен әкімшілік істердің жалпы саны 303 істі құраған. Түскен шағымдардың ішінде 160-ы апелляциялық шағым, 143-і жеке шағым. Ал 6 іс Жоғарғы Соттан сот актілерінің күші жойылуына байланысты басқа құрамда қарау үшін түскен.

Жыл басынан бері сот алқасының өндірісіндегі 303 істің  295 ісі қаралып,  аяқталған. Жалпы қаралып аяқталған істерден бөлек 8 іс АПК-нің талаптарын орындау үшін бірінші сатылы сотқа қараусыз кері қайтарылған. 

Алқамен аяқталған әкімшілік істердің 249-ы (116 шешім, 133 ұйғарым) өзгеріссіз қалған, 7-і өзгертілген. Ал, 35-нің күші жойылған. Сондай-ақ, күші жойылған 15 шешімнің 13-не қатысты жаңа шешім шығарылған.   

Осы 6 айда алқамен жалпы 4 жеке ұйғарым қабылданған, олар заңды күшіне еніп барлығы орындалған.  2024 жылдың 6 айында сот алқасымен процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылмаған.

Қатысты жаңалықтар

М.ӘЙТЕНОВ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТТЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІНДЕ 213 АДАМҒА ГРАНТ БЕРУ ЖОСПАРЛАНУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА СЕРУЕН АЙМАҒЫН САЛУ ЖОСПАРЛАНУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз