My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТТЕ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА АПТА САЙЫН КЕҢЕС БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Сүлейменов Нұржан баспасөз конференциясында баяндама жасап, департаменттің 6 айлық жұмысы жөнінде есеп берді.

Оның айтуынша жыл басынан бері 54 аудиторлық іс-шара өткізіп, оның ішінде жоспарлы -7, жоспардан тыс – 47 іс-шара ұйымдастырған.  Аудитпен қамтылған қаражат көлемі 38,2 млрд теңгені құраған, жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша барлығы 31,6 млрд теңге бұзушылықтар анықталған. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан 292,7 млн теңге бюджетке өтелуге жатады, ал 19,7 млрд теңгесі қалпына келтіруге жатады.

Қабылданған шаралармен бұзушылықтардың сомасынан 39,2 млн. теңге бюджетке өтелді, 19,5 млрд теңге қалпына келтірілген. Бұзушылықтардың барлық түрлі Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аудиторлық қызмет нәтижелері бойынша Департамент басшылығы апта сайынғы кеңестер өткізеді, сондай-ақ жұртшылық үшін «жариялылық» стандартын іске асыру мақсатында аудит материалдары БАҚ-та жарияланған.

Сондай ақ Департамент қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 20 іс-шара өткізіліп, кеңінен таратылған. Сонымен қатар, Ішкі мемлекеттік аудит Қағидаларының 31-тармағына сәйкес департамент басшысының орынбасары Әдеп жөніндегі уәкіл аудитке шықпас бұрын аудиторлармен техникалық оқу (нұсқама) жүргізген. Атап айтқанда барлығы 81 инструктаж жүргізілген, оның ішінде қарсы тексерулерде бар.ері бойынша 44 аудит объектісіне анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқамалар жіберілген.

Сонымен қатар, «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы түскен азаматтардың барлық өтініштері қабылданып,  жыл басынан бері 1419 жолданым түскен. Оның 1243 өтініші жабылған, 130 өтініш басқа органдарға қарау үшін жолданған, ал қалған 110 өтініш қаралуда.

Қатысты жаңалықтар

«КЕЛЕШЕГІМІЗГЕ САЛҒАН ИНВЕТИЦИЯМЫЗ – БАЙТАҒЫМЫЗДЫҢ МЫҚТЫ БОЛУЫНЫҢ КЕПІЛІ»

ulanonlinejob_r46y8xlo

ТАЛАЙЛЫ ТАҒДЫР

ulanonlinejob_r46y8xlo

ТАЗАЛЫҚ ЖАНАШЫРЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ.

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз