My CMS
Аймақ Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ 20 ТУРИСТІК ОПЕРАТОР МЕН 120 АСА ТУРИСТІК АГЕНТТІКТЕР ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Туризм – әлемде дамуы жағынан дес бермей келе жатқан ауқымы кең сала. Әлемде туризм саласымен ғана дамып, байып елдің ішкі және сыртқы экономикасын қалыптастырып отырған мемлекеттер бар. Атап айтқанда, Еуропа елдері, Оңстүстік Америка, Шығыс Азия және теңіз, мұхиттармен шектесіп жатқан аралтектес мемлекеттер.

Бүгінгі таңда, Шымкент қаласында туризм саласын дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқаралып жатыр.  Биылғы жылы  маусым айында Шымкент қаласының дарынды жастарымен бірлесе «контент мейкерлердің» клубы құрылды. Клубтың басты мақсаты қаланың туристік әлеуетін видео және фотомалериалдар арқылы әлеуметтік желілерде жариялау мен насихаттау. Блог турдың қорытындысы бойынша Түркия, Мысыр, Латвия, Әзірбайжан және Қырғызстан елдерінен келген блогерлер 310 видео бейнематериал түсіріп, 108 пост жариялады. Жалпы жарнамалық қаралым саны 4 676 мың адамды қамтыды.

Қала аумағында 20 туристік оператор мен 120 аса туристік агенттіктер тұрақты жұмыс жасауда. Қазіргі таңда, тікелей әуе бағытында 12 ішкі рейс (Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Жезқазған, Өскемен, Орал, Қостанай, Ақтөбе, Петропавл, Семей) және 5 халықаралық рейс (Мәскеу, Ыстанбұл, Дубай, Анталия, Кутаиси) қатынауда. Әуе хабарламаларының санын көбейту бойынша жұмыстар жүргізуде. Биыл темір жол вокзалының реконструкциялау жұмысы аяқталып қолданысқа берілсе, жаңа әуежай терминалы ағымдағы жылдың соңына дейін ашылады. Заманауи қонақ үйлердің артуы туризмнің дамуына айрықша серпін беретіні анық.

Осы тұрғыда 2024 жылға 8 туристік инвестициялық жобаның құрылыс жұмыстары басталып, жыл соңына дейін іске қосылуы жоспарлануда («Makhambet», «Kazakh Hotel», «Алтай», «Керемет», «Zeinnur-Tau», Dara Garden Hotel, Mardan, «Diamond Hotel»). Шымкент қаласында туристерді ең көп қызықтыратын нысандар «Ибрагим ата», «Қарашаш ана» кесенелері, «Арбат» жаяу жүргіншілер аймағы, «Shymqala» тарихи-мәдени кешені, Бәйдібек би ескерткіші, Зообақ, Сейітжан Қари мешіті, Қошқар ата өзені. Бұдан бөлек, Қазақстандағы алғашқы Дендрологиялық саябақтың да туристер үшін алар орны ерекше.

Айта кетейік, 2023 жылдың қорытындысымен жалпы қалаға келген туристер саны 449 098-ге жетті (ішкі туристер саны 420 398, шетелдік туристер саны 28 700 адам). Статистика департаментінің ақпаратына сәйкес, 2024 жылдың 3 айында қалаға 111 733 турист келген. Оның ішіндегі үздік үштікке: Өзбекстан – 9 844 адам, Ресей Федерациясы – 3 659 адам және Қытай Халық Республикасынан 2 633 адам келген. 2024 жылы орналастыру орындарының саны 148 жетсе, бөлме қорының саны 6 409 бірлікке артып отыр.

Қатысты жаңалықтар

«БҰЛ — МЕНІҢ АЛҒАШҚЫ САЙЛАУЫМ»

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ЗАМАНАУИ СТАДИОН ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АЙМАҚТАР, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУЫНДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз