My CMS
Аймақ Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ САНЫН КӨБЕЙТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНУДА

Шымкент қаласы прокуратурасының әкімшілік және атқарушылық өндірісті қадағалау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Мирзалиев Бауыржан Қуанышбекұлы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында басқарманың жарты жылдық есебінің қортындысын баяндады.

Шымкент қаласы бойынша жеке сот орындаушылардың өндірісінде 16 091 іс орындауда болып, 2224 атқарушылық өндірісі аяқталған, қалдықта — 13 867 құжат қаралуда. Сот ісін орындау барысындағы істердің ішінен — 35%, яғни, 4927 құжат бойынша алимент борышкерлердің айлық жалақысынан ұсталған.

Сондай-ақ, алимент төлеуден жалтарып жүрген борышкерлер саны азаймауда, бүгінгі күнде осындай әкелердің саны 2913-ке жетіп олардың алимент берешегі 3 млрд. 807 млн. теңгегі құраған. Осы төлемдердің ұзақ мерзімде өндірілмеудің негізгі себептерінің бірі  — борышкердің тұрақты ресми табыс көздерінің болмауынан және тұрғылықты мекенжайының анықталмауы, яғни, борышкерлердің іздеуде болуы. Сот орындаушылардың қаулыларына сәйкес 624 алимент  борышкерлеріне қатысты іздеу жарияланып, істер уақытша тоқтылған. Прокуратура тарапынан іздеу жариялануына байланысты уақытша тоқтатылған атқарушылық өндірістер бойынша полиция органдары қандай шаралар қабылдағаны зерделенуде.

  • Былтырғы жылы тек алимент өндірумен айналысатын арнайы кеңсе ашылған. Бүгінгі күні онда 5 жеке сот орындаушы және олардың 6 көмекшісі қызмет атқаруда. Сондай-ақ Шымкент қаласының Әділет департаменті мен Шымкент қаласының Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы тарапынан аталған кеңседегі жеке сот орындаушылардың санын көбейтуге бағытталған шаралар қабылдануда, — деді басқарма басшысың м.а.

Одан бөлек, сот орындаушыларының ұсыныстары негізінде 147 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде сот қаулысымен 92 борышкерге 5 тәулікке дейін қамаққа алу, 55 борышкерге — 5 АЕК мөлшерінде (17 250 теңге) айыппұл салынған.

Сот орындаушылары мен жұмыспен қамту орталығының бірлескен шаралары нәтижесінде 241 алимент төлеуші жұмысқа орналастырылып, алиментті жалақаларынан өндіруге мүмкіндік пайда болған.

Нәтижесінде, жыл басынан жалпы 15 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде 11 борышкерге қатысты сот үкімдері шығып бас бостандығын 1 жылға дейін шектеу түріндегі жазаға тартылған. 2 іс қылмыс құрамының болмауына байланысты өндірістен тоқтатылса 2 іс бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қатысты жаңалықтар

Ядролық медицина

ulanonlinejob_r46y8xlo

Бас прокуратурада діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЕЛІМІЗДЕ КОВИДТЕН 2159 АДАМ ЕМДЕЛІП ЖАТЫР

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз