My CMS
Аймақ Қоғам

ХАЛЫҚТЫ ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ – СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТ

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселесі қаралған болатын. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың мәліметінше, елімізде 2000 жылдардан бастап халықты ауыз сумен және су бұру қызметімен қамтамасыз ету бойынша мақсатты саясат жүргізіліп келеді. «Биыл 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыруға кірістік. Бағдарлама аясында 2025 жылға қарай халықты толықтай сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету міндеті тұр» деген болатын Б.Атамқұлов.

Қазіргі таңда Шымкент қаласында 81 елді-мекеннің 80-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, 1 елді мекен кестемен қамтамасыз етілуде. 2023 жылы 6 нысанның (Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс) құрылыс жұмыстарына 9,5 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен Қайнарбұлақ тұрғын алабы және Еңбекші ауданы бойынша 7 елді мекеннің жаңа құрылыс аумақтарында ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталған. Нәтижесінде, 37 мыңға жуық адам ауыз су жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды. Осыған орай, елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 98,5%-дан 99%-ға өсті.

Сонымен қатар, 2024 жылы Құрсай, Қайтпас-1, және Бозарық тұрғын алабының жаңа құрылыс аумақтарын ауыз сумен толық қамту жоспарлануда. Осыған орай, елді мекендерді ауыз сумен қамту деңгейі 100% құрайды. Бүгінде 81 шағын ауданның 25-і (713,5 мың адам) кәріз жүйесімен қамтамасыз етілсе, 56 шағын аудан қамтылмаған. 2023 жылы 9 нысанның құрылыс жұмыстарына 8,6 млрд. теңге бөлініп, оның ішінде 2 магистралды кәріз коллекторының (Тұраннан КОС-қа дейінгі магистрал, Шымсити коллектор), 7 ішкі орамдық жүйенің (Мирас- Шапағат-2, Тассай, Тұран ішкі жүйе, Қайтпас-2, Нұртас, 112 орам, Бозарық 74 га) құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Жыл қорытындысымен 4 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, көпқабаттағы тұрғын үйлермен қоса 60 мыңға жуық адам кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алды.

Нәтижесінде қамту көрсеткіші 60%-дан 65%-ға өсті.

Сонымен қатар, 2024 жылы 2 магистралды кәріз коллекторының (Тұраннан КОС-қа дейінгі магистрал, Шымсити коллектор) және 6 ішкі орамдық жүйенің (Мирас-Шапағат-2, Нұртас, Тұран, Айқап, Қайтпас-1, Солтүстік-Батыс) құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен 12,8 млрд.теңге жоспарланған. Қалада 81 елді-мекен толық сапалы электр қуатымен қамтылған. 2023 жылы 6 нысанның (Қайнарбұлақ, Батыс, Нұрсәт, Түркістан, Асар-2, «Ақжар» 110/35/10кВ) құрылыс жұмыстарына 1,6 млрд.теңге бөлініп, жыл қорытындысымен 4 нысанның (Қайнарбұлақ, Батыс, Нұрсәт, Түркістан) құрылыс жұмыстары аяқталған.

2024 жылға 4 нысан өтпелі (Қайнарбұлақ 1 (70%) және 2 (60%) кезең, Ынтымақ-2 (40%), Бозарық 1 (55%), 2 (95%) және 3 (50%) кезең, Тассай (85%).

2024 жылы 3 нысанның (Қаратөбе (95%), Тәуелсіздікке 20 жыл (15%), Қайтпас-1 (15%) құрылыс жұмыстары басталды. Қазіргі танда 15% жұмыстар атқарылды. Және де 3 нысан (Қарабастау, Жулдыз-Жалын, Еламан) бойынша конкурс нәтижесі анықталды, мердігер мекеме тағайындалып, шілде айында құрылыс жұмыстары басталады.

Қатысты жаңалықтар

БАРЛЫҚ САНАТТАҒЫ ШАҚЫРТУЛАРҒА ЖЕДЕЛ КӨМЕК БРИГАДАЛАРЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

МАҚТААРАЛДА ҚАРЖЫЛЫҚ ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ШЕШУГЕ АРНАЛҒАН КЕҢЕС БЕРУ ШАРАСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЕҢ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз