My CMS
Қоғам

«ПАРЫЗ» КОНКУРСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкент қаласы бойынша «Парыз» конкурсына қатысушы мекемелерге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың арнайы алғыс хаттары табысталды.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауы, ірі, орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбек қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін», «Ең үздік жыл жобасы» номинациялары аясында өткізілген болатын.

Кәсіпкерлер – ұлттық экономиканың басты қозғаушы күші. Марапатталғандар сапында, «Рахат-Шымкент» фабрикасы да бар. Әлемдегі кондитер саласында озық өндіріс орны – ел мақтанышы.

«Күнделікті дастарханымыздан табылатын тәттілер «Рахат-Шымкент» фабрикасында өндіріледі. Тәттілер Қазақстаннан өзге Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Германия, Ауғанстанға жіберіледі,-дейді мекеме директоры Жұлдыз Рахипбекова

Халықтың әл-ауқатын арттыруда әрі ел экономиканың дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан еңбек ұжымдарына айтылар алғыс мол!

Қатысты жаңалықтар

ҰБТ-ҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ 80 ПАЙЫЗЫ СЫНАҚТЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ТАПСЫРДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Бағаны тікелей реттеуден бас тарту және атаулы әлеуметтік қолдауға көшу – 2024 жылғы Президент Жолдауын жүзеге асыру

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ: ТҰРАН АУДАНЫНДА 8 ШАҚЫРЫМ ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖОЛЫ САЛЫНУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз