Мемлекет – аса күрделі құрылым. Оны реформалау және қандай да бір өзгеріске әкелу – қиынның қиыны. Мұны жүзеге асыру үшін халықты ұйыстыратын алып идея қажет екені айтпаса да белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келген тұста қоғамның мұндай идеяға деген сұранысы аса жоғары еді. Президент ұсынған «Әділдік» феноменінің бірден ел идеологиясының тұтқасына айналуы – осының айғағы.
Мемлекет басшысы жыл сайынға Қазақстан халқына Жолдауында да өзгеде жиындарда елдегі жағдайда қатаң бақылай отыра, жуапты сала басшыларына тапсырма беріп отырады.
Бүгінде Шымкент қаласында инфрақұрылым жүйесінде бірқатар жұмыстар атқарылып, толық аяқталуға жақын қалған. Жұмыс жүйесін әрмен қарай жандандыру үшін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Қазақстандағы және Орталық Азиядағы ең ірі электр компаниясы «Alageum Electric» директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясовпен кездесті. Қала басшысы Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін тұрақты әрі тиімді энергетикалық жүйе құру мақсатында ынтымақтастық туралы меморандум түзді.
Жалпы, қалада халықты электр қуатымен қамту жұмыстарында қиындықтар бар. Себебі, Шымкенттегі трансформаторлардың басым бөлігі 1970 жылдары іске қосылған. Бүгінде қала өсіп, жаңа шағынаудандар мен әлеуметтік нысандар бой көтеріп жатыр. Осыған орай электр желілеріне де жүктеме артатыны белгілі. Ал ескі трансформаторлардың қуаты жеткіліксіз, әсіресе жауын-шашын кезінде тұрғындарды әбігерге салып жүр. Сондықтан тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесі бірінші орында тұр.
Қазіргі таңда «Alageum Electric» компаниясы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қала әкімдігіне қарасты 300-ден астам ескі трансформаторларды ауыстырып, күрделі жөндеу жүргізу жұмысын өз міндетіне алды. Бұдан бөлек, қаланы электр қуатымен қамтамасыз етуде негізгі артериялардың бірі саналатын «Бозарық» қосалқы стансасындағы трансформаторлар да жөндеуден өтеді.
Аталған мәселелерді ескеріп, қала әкімі кездесуде мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуында бизнестің маңызды рөл атқаратынын айтып, компания басшылығына маңызды жобаларды жүзеге асырудағы белсенді ұстанымы үшін алғысын білдірді.