My CMS
Аймақ

БИЫЛ АБАЙ АУДАНЫНДА 22 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Бүгінгі таңда Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында жалпы — 27 елді мекенде — 55 159 үй, 205 көп қабатты тұрғын үй мен 257,7 мың халық орналасқан. Сонымен қатар, 1274 көшемен 230 әлеуметтік нысандар бар. Бүгінгі таңда ауданды инфрақұрылым жүйелерімен қамту көрсеткішін атап айтар болсақ, ауыз су — 100%, электр жарығымен — 100%, табиғи газбен 23 елді мекен қамтылған ол 85,2% құрайды. Қамтылмаған елді мекендер саны – 4, ол 14,8% құрап отыр.

Сондай-ақ, 3 елді мекенде құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Олар Қайнарбұлақ тұрғын алабы, Қайнарбұлақ саяжайы, Ынтымақ-2 шағын ауданы. Ал, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабына ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынған. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға жоспарланған. Абай ауданында 27 елді мекеннің бүгінгі таңда 7 елді мекені кәріз жүйесімен қамтылған.

2025 жылға 8 нысанға құрылыс жұмыстарын бастау жоспарлануда. Атап айтқанда: Жайлау, Қатын көпір, Тельман, Ақниет, Қызылжар, Жиделі, Батыс, Ынтымақ.

Нәтижесінде, 2025 жылы Абай ауданында кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 18 пайыздан 55,5 пайызға дейін өседі. Ал, аудан аумағындағы көшелер саны – 1274 және ол 1080,1 шақырымды құрайды, атап айтқанда, асфальт жол — 573 шақырым,  тас жол – 450,2 шақырым, топырақ жолдар –57 шақырым.

Асфальт мәселесі 2023 жылы 3,1 млрд.тг 57 көшеге 68,2 шақырым асфальт төсеу жұмыстары жүргізілген. 2024 жылы 4,3 млрд.тг 74 көшеге 60,1 шақырым асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, 2024 жылы 491,2 млн.тг 22 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 20 балалар алаңшасы және 2 спорт алаңшасы. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 22 жоба оның ішінде, 20 балалар алаңшасы және 2 спорт алаңшасын салу жоспарланған. Оның ішінде 15 мың шаршы метрге 22 көшеге, 15 шақырым аяқ жол салуға – 200 млн.тг, бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аудан аумағына 20 қоқыс алаңшасын орнату және орталық көшелерге 200 дана қоқыс жәшіктерін орнатуға – 66,3 млн.тг бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «QAMQOR» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ ТҰРҒЫН ҮЙ АЛУҒА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ 232 424 ОҚУШЫНЫ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСПЕН ҚАМТУ ЖОСПАРЛАНҒАН

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІККЕ МОНИТОРИНГ ЖАСАЙДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз