My CMS
Аймақ Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ 66 МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ТАҢБАЛАУ  БОЙЫНША ИНТЕГРАЦИЯЛАНДЫ

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ляззат Қашқымбаева, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының басшысы орынбасары Сәуле Дүйсенбаева және отандық тауар өндіруші және дистрибьютор өкілдері 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап, барлық дәрілік заттарға цифрлық таңбалау басталғаны жөнінде баспасөз конференциясын берді.

Міндетті таңбалау мен қадағалауды енгізу дәрілік заттардың айналымын ашық етеді және тұтынушыға сатып алынған дәрілік заттарлың шынайылығы бойынша ақпаратқа қолжетімділік беруді, сондай-ақ өндірушіден пациентке дейінгі әр қаптаманың жеке есебін қамтамасыз етуді, контрафактілік және жалған өнім айналымынан қорғаудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.

Шымкент қаласында 53 дәрілік қойма бар, бүгінгі таңға 38 дәрілік қойма жұмыс атқарады, 15-і фармацевтикалық қызметін тоқтатқан. 38 дәрілік қойма (100%) 141 дана 2D сканермен және 189 дана деректерді жинау терминалымен жабдықталған.

Дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалау еңгізу үшін Шымкент қаласының әкімінің орынбасары төрағалығымен Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы, медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті, Атамекен кәсіпкерлік палатасы және  кірістер департаментімен бірлесіп медициналық ұйымдар мен фармацевтикалық қызметті атқаратын субъектілерге түсіндірме жұмыстары өткізіліп жатыр.

Айта кетейік, Шымкент қаласында бүгінгі таңға 585 дәріхана жұмыс жасайды, оның ішінде 585 дәріхана, яғни (100%) 680 дана 2D сканермен жабдықталған.

ҚР дәріханалардың жалпы саны 8 375 құрайды. Шымкент қаласында дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуді 318 субъектлердің 585 объекті жүзеге асыруда. Қаламызда орналасқан дәріханалардың саны жоғары, яғни бәсекелестік деңгейі жоғары болғандықтан, басқа өңірлерімен салыстырғанда, Шымкент қаласында дәрілік заттардың бағасы төмен болып табылады. Бүгінгі таңда Департаментпен Шымкент қаласының мүдделі органдармен дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу барысында бірігіп ауқымды жұмыс атқарылуда.

Қатысты жаңалықтар

ЖАҢА КӘСІП ҮЙРЕНІҢІЗ КЕЛСЕ  — ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ОҚУДАН ӨТІҢІЗ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ТҮРКИЯ ИНВЕСТОРЛАРЫ ШЫМКЕНТТЕ БУ-ГАЗ ҚОНДЫРҒЫСЫН САЛУДЫ ЖОСПАРЛАУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

Бізді бірлік біріктіреді

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз