My CMS
Аймақ Қоғам

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы Жолдауында қалаларды кешенді салудың жаңа стандарттарын әзірлеу қажеттігін айтып, жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеген болатын. Президент тапсырма аясында, бүгінде елімізде бірқатар үлкен және моноқалаларды дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінде Үшінші мегаполистің дамуы бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Осы орайда, Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппараттық мәжілісте бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Күн тәртібінде білім беру ұйымдарының 2024-2025 оқу жылына дайындығы, мектептер маңындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заңсыз салынған құрылыс нысандары, құжаты рәсімделмеген дүңгіршектер және денсаулық сақтау саласында соңғы 6 айда атқарылған жұмыстар қаралды.

Білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева жаңа оқу жылы қарсаңындағы білім ғимараттарының дайындығы туралы баяндады. Қала әкімі тиісті сала басшыларына білім нысандарының жылыту маусымына дайындығын қамтамасыз ету, мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына әзірлігін сапалы және мерзімінде жүргізу бойынша нақты тапсырмалар берді.

Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков дүңгіршектерді тиісті құжаттарсыз өз бетінше иеленген жағдайларға тоқталды. Жалпы қала бойынша 577 дүңгіршек анықталған, орнынан алынғаны 228. Тиісті жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Қала басшысы жауаптыларға құжаттандыру жұмыстарын заң аясында жүргізуді бақылап, кәсіпкерлік қызметтің заң шеңберінде ұйымдастырылуын қамтасыз етуді тапсырды.

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Мерлан Керімжанов заңсыз салынған құрылыс нысандары туралы баяндама жасады. Басқарма тарапынан заңға сәйкес 28 нысанға талап арыздар жолданған, 13 құрылыс нысанына мәжбүрлеп бұзу туралы сот шешімі шыққан. Қала әкімі бұл бағыттағы жұмыстарды заң шеңберінде ұйымдастыруды тапсырды.

Қатысты жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Амал күнімен құттықтауы

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 17,4 ПАЙЫЗҒА АРТЫП, 203,6 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

УАҚЫТТЫ БІР САҒАТҚА ЖЫЛЖЫТУДАН ЖОЛАУШЫЛАР КЕШІКПЕЙ МЕ?

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз