My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ДӘРІЛІК ЗАТТАР АЙНАЛЫМЫ САЛАСЫНДА  ІРІ 2 ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІ ОРНАЛАСҚАН

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаева  Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында 66 медициналық ұйым дәрілік заттарды таңбалау бойынша 2D сканер және деректерді жинау терминалымен  қамтамасыз етілгендігі жөнінде баяндады.

Сәуле Сансызбайқызы «26 мемлекеттік және 40 жекеменшік медициналық ұйымдарда толық интеграция жүргізілген.  Таңбалаудың маңыздылығы-дәрілік заттардың айналымын ашық етеді және тұтынушыға босатылған дәрілік заттардың сапасы мен қауіпсіздігі бойынша ақпаратқа қолжетімділік беріп, меншік түріне қарамастан медициналық ұйымдарда өндірушіден пациентке дейінгі әр қаптаманың жеке есебін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ контрафактілік және жалған өнім айналымынан қорғаудың негізгі құралдарының бірі болып табылады» — деді.

Айта кетейік,  2024 жылдың 1 шілдесінен бастап дәрілік заттарды көтерме саудадағы субъектілер таңбалау мен қадағалау процесін еңгізбеген медициналық ұйымдарға, дәріханаларға дәрілік заттарды босату тоқтатылады, осыған байланысты дәріханалар дәрілік заттарды сатып алу және халыққа өткізу мүмкіндігінен айырылады.

Бүгінгі күні елімізде дәрілік заттар айналымы саласында 19  отандық тауар өндіруші қызмет атқарады. Соның ішінде, Шымкент қаласында 2 ірі отандық тауар өндіруші орналасқан («Химфарм» АҚ, «Dentafill» АҚ).

ҚР дәрілік заттарды көтерме саудасындағы субъектілердің саны – 293, қоймалардың саны – 362. Оның ішінде,  Алматы қаласында 187 қойма, Шымкент қаласында 38 қойма орналасқан. Бұл туралы бүгін  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қашқымбаева Ләззат Рсымбекқызы — Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында  мәлімдеді.

Сонымен қатар, еліміздің 152 ірі дистрибьюторлардың арасында Шымкент қаласында 4 дистрибьютор қызмет атқарады. («Химфарм» АҚ, «НПО Зерде» ЖШС, «Atamiras.S» ЖШС, «AK NIET GROUP» ЖШС).

Бүгінгі күнгі  жағдай бойынша  Шымкент қаласында 32 субъект, 38 объект дәрілік заттарды көтерме сауда саласында қызметті жүзеге асырады.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНЫҢ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 97%-ДЫ ҚҰРАЙДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШАҺАРДА ЖОЛ САПАСЫ ЖАҚСАРДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз