My CMS
Аймақ Қоғам

ВОЛОНТЕРЛІК – ХАЛЫҚТЫҢ ШЫНАЙЫ БОЛМЫСЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – халқымыздың көне заманнан келе жатқан дәстүрі. Біз осы дәстүрді сақтап қалуымыз керек. Себебі біреуге қол ұшын созып, қолдау көрсету – қанымызға сіңген қасиет. Халқымызда осындай береке-бірлікке шақыратын «Асар» дәстүрі бар. Бұл – ғасырлар бойы құндылығын жоймаған ата салтымыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халқымыз. Волонтерлік қызметтің басты мақсаты да – бірге жұмылып, халыққа қызмет ету», деді.

Сондай-ақ, Президент қиынқыстау кезеңде Қазақстанға жер аударылып келген көптеген этнос өкілдерін қазақ халқы бауырына басып, бір үзім нанымен бөліскенін атап өтті. «Өздеріңізге тарихтан мәлім, кезінде Қазақстанға көптеген ұлт өкілдері жер аударылды. Сол қиын-қыстау уақытта халқымыз оларды бауырына басып, бір үзім нанын бөлісті. Шынайы жанашырлық көрсету – қазақ халқына тән қасиет. Міне, нағыз волонтер атанудың озық үлгісі деп осыны айтуымыз керек», деді Мемлекет басшысы волонтерлермен кездесуінде.

Осы орайда, №2 Оқушылар сарайының Медиа залында Волонтерлік мейірім кілті атты баспасөз конференциясы өтті.

Конференция барысында волонтерлікпен айналысып жүрген арнайы клубтардан келген спикерлер сөз сөйлеп, еріктілер құрамында болудың артықшылығы түсіндірілді. Баспасөз конференциясында ата-аналар сұрақтар қойып, волонтерлік ұйымдар жайлы нақты ақпараттарға қанық болды.

    — Баланы жастан дегендей, оқушылар сарайындағы 10-12 жастағы балаларды қала тазалығына, жануарларға қамқорлық көрсетуді үйретуге дәріптеу үшін, қоғамдық жұмыстарға қатыстыруды бастадық. Бүгін ол бала тазалыққа, мейірімділікке үйренетін болса, бұл қасиеттер өмір бойы оның жадынан өшпейді. Ата-аналарды шақыру себебіміз, ол кісілер балалардың қауіпсіз әрі пайдалы жұмыстармен айналысатынын білуі керек. Сабақ басталғанға дейін, үйірмелерден тыс уақыта қоғамдық жұмыстарға қатысады. Қыркүйек айынан бастап, сенбі, жексенбі күндеріне арнайы тізім жасақталады,-дейді Оқушылар сарайының директоры Данияр Дүйсенбайұлы.

«Волонтерлік мейірім кілті» атты баспасөз конференциясы оқушылармен тренингке ұласты. Тренинг барысында «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Данара Саранованың жетекшілігімен ойындар өткізілді. Жеңімпаздарға N2 Оқушылар сарайының басшылығы сыйлықтар мен сертификаттар табыстады.

Қатысты жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» СЕНБІЛІКТІҢ ҮШІНШІ АПТАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУ МАҚСАТЫНДА ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ТАССАЙ ШАҒЫНАУДАНЫНДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА 

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз