My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТ: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ АРТАДЫ

«Қазақстанның шикізаттық емес тауарларының экспорты 2,8 пайызға ғана төмендеп, 15 миллиард долларды құрады. Биылғы дағдарыс кезінде біз шетелден 18 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция   тарта алдық.  Былтыр шетелдік компаниялардың қатысуымен жалпы құны 1,6 миллиард доллар болатын 41 инвестициялық жоба іске асырылды. 7 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бүгінде әлемдік экономиканың қайта қалпына келуіне орай Қазақстан да экономикалық өсімнің қарқынын үдетеді. Үкіметтің болжамы бойынша 3,5 пайызға дейін өсім болуы керек, біз одан да жоғары көрсеткіш күтеміз. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанның экономикалық моделі экспортты экономикалық дамудың маңызды факторы ретінде қарастырады. Еліміздің өңдеу өнеркәсібінің қосымша экспорттық әлеуеті 10 миллиард долларға, сондай-ақ, қызмет көрсету саласындағы экспорттық әлеуеті де 10 миллиард долларға бағаланады. Шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемін 2025 жылға қарай 41 миллиард долларға дейін арттыру орта мерзімдегі мақсат саналады», – деді Мемлекет басшысы. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмасы аясында, Шымкент қаласы әкімі шетелдік инвестор «Guyi Holding Company» өкілдерімен кездесті. Кездесу қала әкімінің Сиань қаласындағы жұмыс сапары барысында қол жеткізген орттақ қорытындысы бойынша өтті.

Жалпы бұл Компания Шымкентте электромобиль шығару бойынша ірі инвестициялық жобаны қолға алмақ. Жоба екі кезең бойынша жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Атап айтқанда, электромобиль құрастыру өндірісін іске қосу, сырлау және дәнекерлеу цехын салу және қосалқы бөлшектер шығару.

Бұдан бөлек,  аталмыш компания қаланы көгалдандыру және тұщы су ресурстарын кәдеге жарату жобаларын жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Ал шаһар басшысы кездесу барысында холдинг басшылығына қаламызға қызығушылық білдіргені үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ мегаполистің инвестициялық әлеуеті мен инвесторларға жасалып жатқан жағдайға тоқталды.

Қала әкімі кездесу соңында инвестициялық жобаның әрбірі шымкенттік тұрғындар үшін маңызы зор екенін және өз кезегінде бірлескен жобаларды сәтті жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

Неделя «Өнегелі ұрпақ» в Шымкенте в рамках акции «Таза Қазақстан» началась с посещения 100-летнего ветерана

ulanonlinejob_r46y8xlo

Маңғыстаудың қайсар да кеңпейіл жандарға толы

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТІК ПЕДАГОГ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз