Былтыр Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Шымкент пен Сиань арасында бауырластық байланыс орнату туралы келісімдер бойынша бірқатар құжаттарға қол қойған болатын.
Шымкент қаласының ресми және іскерлік делегациясының сапары аясында Қытайдың Сиань қаласында Бас консулдықтың қолдауымен бауырлас қалалалардың кәсіпкерлерінің қатысуымен сауда-экономикалық форум өтті. Сондай-ақ, Шымкенттің 20-ға жуық компаниясы мен Қытайдың 30-дан астам кәсіпорын өкілдері арасында B2B-кездесулер өтті. Шымкент бизнес-делегациясының құрамына денсаулық сақтау, IT, электр жабдықтарын өндіру, құрылыс материалдары, металлургия, тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, білім беру, қоғамдық тамақтану және т. б. салалардағы бизнес өкілдері қатысуда.
Сондай – ақ, ол Шымкент — халық саны бойынша Қазақстанның үшінші ірі қаласы және алып жатқан ауданы бойынша бірінші қала екенін атап өтті. Қала Орталық Азия және Таяу Шығыс елдерімен белгіленген экономикалық байланыстары бар шекара маңы аймағы мәртебесіне ие және елдің маңызды көлік торабы болып табылады. Мұнда елдің өнеркәсіптік әлеуеті шоғырланған.
Сонымен қатар, келіссөздер барысында екі елдің кәсіпкерлері өз компанияларын таныстырды. Қытайлық серіктестер азық-түлік өндірісі, логистика, машина жасау, денсаулық сақтау және медицина салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты. Өз кезегінде шымкенттік кәсіпкерлер металлургия, логистика, целлюлоза — қағаз және тамақ өнеркәсібі, машина жасау салаларында іскерлік әріптестікті арттыру мүмкіндіктерін жеткізді. Форум мен кездесулердің қорытындысы бойынша B2B форматында меморандумдар мен шарттарға қол қойылды.
Атап айтқанда, «Invest Shymkent» ЖШС мен «China-Kazakhstan Enterprises Alliance Committee group» арасында «KazFerroGroup» ЖШС мен «Shanxi Heynan New Metallurgical Equipment Co.» ЖШС арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.