Бүгінде Шымкент қаласында инвестиция аясында «Тассай» индустриялық аймағында 50,7 миллиард теңгеге 2,6 мың жаңа жұмыс орнымен 43 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, жалпы құны 43,4 миллиард теңгеге 30 жоба іске қосылып, онда 2 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды.2024 жылы 10 жаңа жұмыс орындарын құрумен 100 млн теңгеге 1 инвестициялық жоба іске асырылды деп күтілуде.
Ал, «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағының жалпы аумағы 132 гектар құрайды. Аймақта жалпы құны 27,1 миллиард теңгені құрайтын 8 жоба орналастырылды. Бүгінде аталған аймақтың инженерлік-инфрақұрылым желілерінің құрылыс жұмыстары 80%-ға аяқталды. Инженерлік-инфрақұрылым желілерінің жалпы құны – 12,6 миллиард теңге. Іске асыру мерзімі – 2024 жылдың IV тоқсаны. Тапсырыс беруші – Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы. Индустриялық аймақты сумен жабдықтау және кәріз жүйесін жүргізуге бюджеттен 4,7 миллиард теңге қаражат бөлінді. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 85%-ға орындалды. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың мамыр айында аяқтау жоспарланған.
«Жұлдыз» индустриялық аймағы жалпы аумағы 306 гектар құрайды. Бүгінгі таңда «Жұлдыз» индустриялық аймағының инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары 80% аяқталды. Инженерлік инфрақұрылым жүргізудің жалпы құны 13,7 миллиард теңгені құрайды. Тапсырыс беруші – Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы.
Аймақта инвестициялық құны 126,7 миллиард теңге құрайтын, 3 230 жаңа жұмыс орындарымен қамтитын 35 жоба іске асырылуда. Оның ішінде, жалпы құны 57,2 миллиард теңгені құрайтын 16 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы аумағы 306 гектар құрайды.
2024 жылы 7 жобаны жүзеге асыру арқылы 46 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланған.