My CMS
Аймақ Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛЕДІ

Биылғы жылдың «Шомылу маусымы кезеңінде Шымкент қаласының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар туралы» қала әкімімен жоспар бекітіліп, жоспарда көрсетілген іс-шаралар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Осы орайда, Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының м.а, азаматтық қорғау полковнигі Еркін Отарғалымұлы «Шомылу кезеңінде су айдындарында қауіпсіз демалу мен жаз кезеңдегі балалардың қауіпсіздік шаралары» туралы айтты.

Қала аумағында шомылуға рұқсат етілген 3 ресми орын және ескерту белгілерімен тыйым салынған 13 орын айқындалып,  86 ескерту белгілері орнатылған.

Департамент қызметкерлері балалардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында, адамдар көп жиналатын орындарда, сондай-ақ қала аумағында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары арасында жыл басынан бері 5700-ден астам адамды қамти отырып, 79 көпқабатты тұрғын үй кешенін аралап, 45 жиын өткізді. Онда жадынамалар таратылып, көпқабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлау фактілерін болдырмау бойынша ұсынымдар берілді.

Шымкент қаласының құрылыс басқармасына көптеген балалардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін үйлерді салу кезінде жобалау-сметалық құжаттамаға, арнайы бекіткіштерді енгізу туралы ұсынымдық сипаттағы хат жолдады.

Нәтижесінде, Басқарма Департаменттің ұсынысын назарға ала отырып, жобалау-сметалық құжаттамаға «Балаларды қорғауға арналған терезе бекіткіштері» тармағы енгізілетінін хабарлады.

Айта кету керек, біздің заңнамада баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ата-ананың тікелей міндеті болып табылады.  ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 127-бабына сәйкес бұл міндеттерді орындамау әкімшілік жазаға әкеп соғады.

Сонымен қатар, өмірге немесе денсаулыққа қауіпті жағдайдағы баланың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік ҚР Қылмыстық кодексінің 119 және 141-баптарында көзделген.

Қатысты жаңалықтар

ЖҰМЫССЫЗДАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ТҮРЛІ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ШАРАЛАР ІСКЕ АСТЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ТҰРҒЫНДАР ТАЛАБЫ ОРЫНДАЛУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ: НАЦИОНАЛЬНЫЙ ПРОЕКТ РАЗВИТИЯ РЕГИОНА

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз