My CMS
Аймақ Қоғам

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА БИЫЛ 426 АДАМҒА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БЕРУ ЖОСПАРЛАНҒАН

Шымкент қаласында жыл басында қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың тапсырмасына сәйкес, бизнес-жобасы бар адамға грант беру арқылы шағын кәсіпкерлікті дамытып, ірі кәсіпорындармен әріптестік орнату арқылы қала экономикасының ілгерілеуіне жол ашу мақсатында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы қала тұрғындары арасында I лек бойынша грант иелерін анықтаған болатын.

Азаматтарға қайтарымсыз қаржы берудегі негізгі мақсатты — кәсібін дөңгелетуге, өндіріс орындарын ашуға ниеттенген жандар үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсету.

Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының маманы Мұрат Салимов 400 АЕК-ке дейінгі гранттан бөлек, 5 млн. теңге және жеңілдетілген несие жөнінде түсіндірді. Ал, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының өкілі бизнес-жобасын ауыл шаруашылығы бағытында қорғаған азаматтарға мемлекеттен берілетін субсидиялар жайында тарқатып айтты.

Шымкент қаласында биыл 426 адамға қайтарымсыз грант беру жоспарланған. Маусым айында алғашқы лек бойынша үміткерлер өздері ұсынған бизнес-жобасын комиссия алдында қорғап, нәтижесінде 214 адамға 400 АЕК-ке дейінгі грант мақұлданды. Бизнес-жобалардың 25-і мал және құс шаруашылығы, қызмет көрсету – 52, кондитер және нан өнімдері – 34, тігін саласы – 41, жартылай фабрикат өнімдері – 16, жиһаз өндірісі – 3, өндіріс саласы – 35 және тамақ өнеркәсіп – 8.

Естеріңізге сала кетейік, грант тұтынушылық мақсатқа, кредитті өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, өнім өндіруге берілмейді.

Айта кетейік, 2023 жылы грант алған 452 адамның нәтижесін баяндап өтсем.  Бүгінге дейін мониторинг бөлімі 268 адамның қаржыны мақсатты жұмсағанын анықтаса, 137 адамның ісі “Құқықтық қамтамасыз ету” бөліміне өткен. Оның ішінде есеп тапсырмағандар, қаржыны мақсатқа жұмсамағандар және ісі сотқа өткендер бар. Ал, 184 грант иегерін зерделеу жұмысы осы жылдың қыркүйегіне дейін жүзеге асырылатын болады.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ҚАРАТАУ АУДАНЫ 2025 ЖЫЛЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Оқу-ағарту министрлігі: 2024 жылы пәндерді цифрлық оқулықтармен 100% қамту жоспарланған

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз