My CMS
Соңғы жаңалықтар Қоғам

ОТАНДЫҚ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯНЫ БАСҚАРУДЫҢ ТИІМДІ ҮЛГІСІ ҚАЖЕТ – СЕНАТОР АЛДАШЕВ

Қазақстанда азаматтық авиация саласын дамыту үшін әуекомпанияларды жанармаймен қамтамасыз ететін бірыңғай жүйе құру қажет. Бұл туралы Сенат депутаты Сүйіндік Алдашев Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі таңда ұшақ билеттерінің қымбаттауына ең алдымен авиаотын бағасының жоғары болуы себеп болып отыр.

Сенатордың мәліметінше, отандық мұнай өңдеу зауыттары авиаотынға деген ішкі сұранысты толық қамтамасыз ете алмай отыр. Салдарынан еліміз шетелден жанармай импорттауға мәжбүр. Қазіргі уақытта тапшылық көлемі 237 мың тоннаны құрайды. Сарапшылардың болжауынша, бұл көрсеткіш 2030 жылға қарай 550 мың тоннаға дейін өседі.

– Бүгінгі таңда ұшақ билеті құнының шамамен 36,5%-ын отын шығыны алып отыр. Дегенмен авиаотынды сату мен баға қалыптастыру тетігі ашық емес. Бұған қосымша техникалық қызмет көрсету мен әуежай инфрақұрылымына байланысты тарифтер де әсер етіп отыр, – деді Сүйіндік Алдашев.

Сенатор осы мәселелерді шешу үшін елдегі мұнай өңдеу зауыттарында өндірісті ұлғайту қажеттігін айтты. Сонымен қатар, азаматтық авиация саласын басқарудың оңтайлы әрі тиімді моделін әзірлеуді ұсынды.

– Кейбір әуежайлардағы тарифтер 2014 жылдан бері қайта қаралмаған. Біз бұл мәселені Бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу агенттігіне жеткіздік. Кейбір қызмет түрлерін реттеуді жеңілдету қажет деп есептейміз, – деді ол.

Сенатор ұсынған бастамалар отандық авиацияны қолжетімді әрі тұрақты дамытуға бағытталған.

Қатысты жаңалықтар

АЭС: сенімді энергия көзі

ulanonlinejob_r46y8xlo

QAZAQ AIR ОШТРАФОВАЛИ НА ₸612 ТЫСЯЧ ИЗ-ЗА ГОЛОДНОГО ПАССАЖИРА

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ӨТТІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз