Былтырғы жылға қарағанда биыл Шымкентте мал шаруашылығы бойынша өсім бар. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында жалпы егіс көлемінің 26,5 мың гектарына дақылдар егіліп, 86,0 мың тонна өнім жиналады.
Атап айтқанда: дәнді дақылдар – 10,9 мың га, малазықтық дақылдар – 9,0 мың га, көкөніс пен бақша – 3,1 мың га, майлы дақылдар – 3,0 мың га, картоп – 0,5 мың га егілді.
Сонымен қатар, 2024 жылы өнімділікті арттыру мақсатында егін шауашылығы саласын мемлекеттік қолдауға жергілікті бюджеттен 143,2 млн теңге қаржы қаралған. Көктемгі егіс жұмыстарына 35,9 тонна жанар-жағармай бөлініп толығымен үйлестірілген.
Атап айтсақ, ІҚМ 88,3 мың басқа, қой ешкі 102,4 мың басқа, жылқы 17 мың басқа, құс 1 189,2 мың басқа жетіп, нәтижесінде ет 4,5 мың тоннаға жетіп, сүт 30,4 мың тоннаға, 86,3 млн данаға жұмыртқаға жетті.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2024 жылға бекітілген 12 индикатор толығымен орындалып келеді. Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша биыл 14 жоба жүзеге асырылып, 104 жаңа жұмыс орны ашылады.
Атап айтқанда: 3 көкөніс сақтау қоймасы, 3 тауарлы сүт фермасы, 2 сүтті қайта өңдеу кәсіпоры, 2 құс шаруашылығы, 1 жылыжай кешені, 1 мал бордақылау, 1 көкөніс өңдеу, 1 құрама жем зауыты.
Бүгінгі таңда 70-ке жуық сауда орындарында ӘМАТ-ы нарықтан төмен белгіленген бағада сатылып келеді.
Сонымен қатар, ұн, жұмыртқа, нан, күнбағыс майы және ет (сиыр еті, тауық еті) өнімдерін өндіруші кәсіпорындармен келісім-шарттар түзіліп, бекітілген сауда орындарында тауарлар өндіруші бағасымен сатылуда.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында айналым механизмі аясында қарыз қаражат беру және форвардтық шарттар түзу жұмыртары іске асып жатыр;
Сондай-ақ тұрақты түрде азық-түлік жәрмеңкелерін өткізу, делдалдық қызметті шектеу шаралары жүргізілуде. Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, апта сайын қаланың 8 жерінде азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып, күнделікті тұтынатын тауарлар нарықтан 10-15% төмен бағада сатылуда.