My CMS
Аймақ Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ 216 АДАМҒА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БЕРІЛЕДІ

Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға өтінімдер қабылдау биылғы жылдың 15-26 шілде аралығында Business.enbek.kz порталы арқылы жүзеге асыралады. Бұған дейін грантқа өтінім берудің 1 легі өткен болатын.

Бүгінгі таңда грантқа өтінім берудің 2 лек бойынша жалғасын табуда. Екінші лекте 216 адамға қайтарымсыз грант беру жоспарланып отыр. Гранттар  нысаналы мақсаты жаңа бизнес бастау және дамыту болып табылған жағдайда қайтарымсыз негізде беріледі.

Грант көлемі 400 АЕК-ті (1 476 800 теңге) құрайды. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады.

Грантқа өтінім беру үшін келесідегі құжаттар қабылданады. Атап айтқанда, порталда тіркелу, грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту, порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу, өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, аудандық мансап орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтінім беруге болады.

Қатысушылар төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек. Олар еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар, қолданыстағы «қандас» мәртебесі бар адамдар, өңіраралық қоныс аударушылар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар, Мүгедектігі бар баланы (18 жасқа дейінгі бала) тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы), асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар болып табылады.

Гранттар жұмыссыз немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз жеке кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда және үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты бар халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.

Грант иегері атанған азамат хабарламаны алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде салық органдарында өз қызметін тіркеуге міндетті.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ БАРЛЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР 2025 ЖЫЛЫ ИНТЕРНЕТПЕН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

БИЫЛ 426 АДАМ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ ИЕЛЕНЕДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз