My CMS
Аймақ Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ПОЛИЦЕЙЛЕР МЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ДӘРІС ӨТКІЗДІ

Шымкент қаласында «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасы және құқықтық сананы арттыру қағидаты аясында жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы іс-шаралар жалғасуда. Осындай игі бастаманың бірі – қаладағы №8 жалпы орта мектепте өткен профилактикалық қауіпсіздік сабағы болды. Іс-шараға шамамен 200-ге жуық жоғары сынып оқушылары қатысып, құқықтық тәртіп пен жеке қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат алды.

Бұл кездесудің басты мақсаты – жасөспірімдер арасында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу. Іс-шараны Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы ұйымдастырды.

Кездесудің ерекше қонағы – бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов болды. Спортшы өз өмір жолынан алынған тәжірибесін бөлісіп, жасөспірімдерге табандылық пен еңбексүйгіштіктің, тәртіп пен жауапкершіліктің маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, ерінбей еңбек етуге және қоғамға пайда тигізетін азамат болуға шақырды.

Полицейлер өз кезегінде жасөспірімдерге күнделікті өмірде және интернет кеңістігінде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін түсіндірді. Әсіресе, кибербуллинг, интернет алаяқтық және әлеуметтік желілерде бөтен адамдармен байланыс орнату қаупі туралы нақты мысалдар келтірілді. Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің және Қылмыстық кодекстің баптары бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты жауапкершілік түрлері түсіндірілді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің өкілдері мұндай кездесулердің тиімділігі жоғары екенін айтады. Себебі құқықтық мәдениетті жас ұрпақтың бойына ерте бастан сіңіру – қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайтудың басты тетігі. Бұл ретте білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл мен профилактикалық жұмыстардың маңызы зор.

Сабақ соңында оқушылар мен ұстаздар полицейлер мен спортшыға алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулердің жиі ұйымдастырылуын қолдайтындарын жеткізді. Олар бұл іс-шараның тек құқықтық білім беріп қана қоймай, өмірлік ұстаным қалыптастыруға да үлкен үлес қосатынын атап өтті.

Құқықтық санасы жоғары, тәртіпті және белсенді жастар – қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі. Сондықтан Шымкент қаласы Полиция департаменті алдағы уақытта да «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында жастар арасында құқықтық тәрбие мен қауіпсіз өмір салтын насихаттауды жалғастыратынын мәлімдеді.

Қатысты жаңалықтар

ЖАҢАТАЛАП ТҰРҒЫНДАРЫ ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА СЕРУЕН АЙМАҒЫН САЛУ ЖОСПАРЛАНУДА

ulanonlinejob_r46y8xlo

БИБОСЫНОВ ПЕН ДУСМАТОВ АРАСЫНДАҒЫ ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТПЕЙТІН БОЛДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз