Шымкент қаласында Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың Ұлттық жобасы аясында қалаға 12 индикатор бекітіліп берілген, аталған көрсеткіштерге жету мақсатында бірқатар іс-шаралар биылғы жылы атқарылатын болады.
Былтырғы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 27,5 мың гектар құраса биылғы жылы қалада егістік жерлердің мақсаты құрылыс бағытына өзгеруіне байланысты 26,5 мың гектар жетіп, өнімділік 86,0 мың тоннаны құрайтын болады.
Сонымен қатар, алдағы уақытта 8,5 мың тонна ет, 52,5 мың тонна сүт және 160,0 млн дана жұмыртқа өндірілетін болады. Бүгінгі күнде қалада көлемі 139 гектар құрайтын жылыжай кешендері тіркеліп, жыл сайын 15 мың тоннаға жуық өнім жиналуда.
Осы бағытты дамыту мақсатында Түркиялық «Alarko Holding A.S.» компаниясымен бірлесе І-кезеңде 100 гектар аумаққа жылыжай салу жоспарлануда. Нәтиже қаладағы жылыжай кешендері 239 гектар ұлғайып, қосымша 1 000-нан астам жұмыс орындары ашылып, жиналатын өнім көлемі 30 мың тоннаға артатын болады.
Сондай ақ, жылыжай шаруашылықтарына құрылыс жұмыстарына кеткен шығындарының 30% субсидияланып, ал коммуналдық шығындарына 1 гектарына 4 млн. нан 8 млн теңгеге дейін мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
Сонымен қатар, қала аумағындағы жануарлар мен адамға ортақ аса қауіпті 29 түрлі ауруға қарсы 240 255 бас ауыл шаруашылығы жануарларына диагностикалық зерттеулер мен 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы 1 422 815 бас ауыл шаруашылығы жануарларына профилактикалық екпе егу жұмыстары жоспарлануда.
Нәтижесінде 2024 жылы 40 000 бас қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды аулауды, 15 000 бас агрессивті және емделмейтін аулармен ауыратын ит-мысықтар тыйым салынбаған препараттармен (эвтаназиямен) жансыздандыру және 25 000 бас қаңғыбас жануарларды кастрация-стерилизациялау жұмыстарын жүргізілетін болады.
Бүгінгі таңда, тұрақтандыру қорының айналым механизмі аясында 8.7 миллиард теңге қарастырылды. Қала аумағында 80-ге жуық сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын белгіленген бағада сатылуда.
Бағаны қадағалау және делдалдық қызметті шектеу мақсатында, құзырлы мекемелермен арнайы комиссия құрылып, жыл басынан 16 комиссия отырысы өтті.
Нәтижесінде, 219 сауда субьектілерінің электрондық шот фактуралары зерттеліп, тауардың 15 пайыздық сауда үстемесін сақтамаған 128 кәсіпкерлік субьектіге ҚР ӘҚБтК 204-4 бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылды.