My CMS
Қоғам

ҚАЗАҚСТАНДА АТМОСФЕРАНЫ ЛАСТАЙТЫН НЕГІЗГІ 3 КӨЗ АНЫҚТАЛДЫ

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2020 жылы ең көп парниктік газ шығарындыларын энергетикалық сектор шығарған.

Оларға жалпы көрсеткіштің шамамен 80%-і тиесілі. Сосын ауыл шаруашылығы тұр. Аграрлық сала 12, ал өнеркәсіптік саланың әсері 6,5%-ті көрсеткен. Көмірқышқыл газының жоғары концентрациясы көмірді, шикі мұнайды және табиғи газды кеңінен пайдаланумен байланысты. Дегенмен қара алтын мен көгілдір отын негізінен экспортталады. Ал парниктік газ қатты шикізаттың жануы және метанның булануы нәтижесінде пайда болады. Сондықтан болашақта отынның бұл түрінен бас тарту экономиканы көмірсіздендіруге ықпал етеді, — дейді сарапшылар. Пандемиядан кейін әлемде парниктік газ шығарындылары қайтадан өскені байқалады. 2020 жылы қазбалы отын шығарындылары 2019 жылмен салыстырғанда 5%-ке азайған еді. Алайда бұл көрсеткіш 2021 жылы қайта көтеріліп, 2019 жылғы деңгейді көрсетті. Яғни, ауаға тараған зиянды заттар 38 гигатонға жетті.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/584854-aza-standa-atmosferany-lastajtyn-negizgi-3-k-z-any-taldy

Қатысты жаңалықтар

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ — ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ІРГЕТАСЫ: ШЫМКЕНТТЕГІ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС

ulanonlinejob_r46y8xlo

АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАРСЫ КЕШЕНДІ ЖҰМЫС: ЦИФРЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫҢ РӨЛІ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ЕЛІМІЗДІҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ АУА РАЙЫ ҚҰБЫЛМАЛЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз