My CMS
Аймақ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ 23 ҚАНДАС ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСҚАН

Шымкент қаласында жыл басынан бері 110 отбасындағы 175 адам «қандас» мәртебесін алған. Ал, 6 айға ұзартқандар саны 13 отбасыдан 16 адамды құраған.

Қандас мәртебесін алғандардың 92-і ер, 83-і әйел, 48-і 18 жасқа дейінгі жасөспірім және 19 адам зейнет жасында. Оның ішінде 108 адам еңбекке қабілетті. Сондай-ақ, 19 адамның білімі жоғары, 51 адамның білімі арнайы орта кәсіптік және жалпы орта білімді адам – 33.

Атажұртқа қоныс аударушылардың басым бөлігі Өзбекстан Республикасының үлесінде. Жыл басынан бері Шымкент қаласына көрші елден 173 қандас көшіп келген. Атап айтқанда, Ресейден – 1, Қырғызстаннан — 1 адам қоныс аударған.

Қоныс аударғандардың басым бөлігі құрылыс саласы мен сауда-саттық және басқа да өзге де жұмыстарды атқарып келеді. Алғаш елге келген этникалық қазақтарды жаңа қоғамға бейімдеу үшін Шымкент қаласында 2008 жылдан бері «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру» орталығы жұмыс істейді. Орталықтың мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қандастар мен олардың отбасыларына 6 ай бойы бейімдеу және кіріктіру бойынша қызметтер көрсету болып табылады.

Қазіргі сәтте орталықта бейімдеу қызметін 17 отбасынан 49 адам алуда. Жалпы, қандастарды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру ісі де белсенді жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері Еңбек мобильділігі орталығына 48 қандас жүгініп, олардың ішінен 23 адам мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жұмысқа орналасқан екен. Атап айтқанда, бос жұмыс орындарына – 9, Жастар практикасына – 3, Алғашқы жұмыс орнына – 7 және Күміс жас жобасына – 1 адам жолданды. Сонымен қатар, 6 адам  «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде business.enbek.kz порталында кәсіп бастаудың алғашқы дағдыларын үйренді.

Қатысты жаңалықтар

ЖАҢА КӘСІП ҮЙРЕНІҢІЗ КЕЛСЕ  — ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ОҚУДАН ӨТІҢІЗ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ САЙЛАУДА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ulanonlinejob_r46y8xlo

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ДӘРІЛІК ЗАТТАР АЙНАЛЫМЫ САЛАСЫНДА  ІРІ 2 ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІ ОРНАЛАСҚАН

ulanonlinejob_r46y8xlo

Пікір қалдырыңыз